Қызылордада әлеуметтік көмек ала алмай жүрген бір топ адам Нұр Отанға барды
10 сәуір түске таман Қызылордада 20 шақты адам "Нұр Отан" партиясы бөлімшесінің алдына жиналды.
Бұл жаққа азық-түлік және 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік көмекті ала алмай жүрген тұрғындар жиналған.
— Менің екі балам бар. Екеуі де аутизм ауруымен ауырады. Ай сайын 70 мың теңгеге дәрі-дәрмек аламын. Жәрдемақы алмаймын. Себебі бермеу үшін ылғи сылтау тауып алады. Қазір енді 42 500 теңгені де ала алмай жүрмін. Жұртқа беріп жатқан 50 мыңды да алмадым. Азық-түлік те жоқ. Ешқандай көмек болмай жатыр. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Екі баламның жүйке жүйесі ауырады. Психдиспансерде тіркеуде тұрмыз. Оларды не зейнетке шығармайды. Бұрын базар ашық болған кезде күніне 1200 теңге алушы едім. Совбез тек жағдайы жақсы адамдарға көмек беретін сияқты. Мысалы, біздің көршіміз алды. Ал біз сияқты көмекке зәру адамдар табалдырық тоздырып жүрміз, — деді жалғызбасты ана Гүлнар Мерзиева.
Жиналғандардың бірі Мақпал Торманова да "не қаржылай көмек, не азық-түлік ала алмадым" деп торықты.
— Үш балам бар. Пәтер жалдап тұрамын. Өзім де, енем де жұмыссыз. Қазір не 42 мың теңге алған жоқпыз, не азық түлік берген жоқ. Не 50 мыңға ілінген жоқпыз. Үйде баласы барларға бірінші кезекте берілуі керек деп есептеймін. Есепшоттар арестен алынады деп еді, ол алынбаған. Сонда үкіметтің айтқанының бәрі өтірік болып тұр ғой? Банктерде адамдардың арасын ашып, түсіндіріп жатады. Ал "Нұр Отаннан" бір адам шығып, неге халыққа жөнін айтпайды? Сонда бүкіл вирус жалғыз "Нұр Отанға" келген бе" деді жыламсырап.
Бұған дейін билік өкілдері коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде табысынан айрылған адамдарға айына 42 500 теңге төленетінін айтқан еді. "Нұр Отан" партиясының төрағасы, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Біз біргеміз" акциясы аясында да көмекке зәру отбасыларға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілетіні айтылған еді.
10 сәуірде "Нұр Отан" бөлімшесіне шағымданушыларды кіргізбеді. Жиналғандар ғимаратқа ары-бері кіріп жүрген адамдардан сұрағанмен жауап ала алмады. Бөлімше қызметкерлері Азаттықтың да сұрақтарына жауап беруге уәде еткенмен әзірге ғимараттан ешкім шыққан жоқ.
Ғимарат сыртында жеті-сегіз полиция қызметкері жүрді. Олар "карантин кезінде топтасып жиналуға болмайтынын" айтып жұртты таратуға тырысты. Жергілікті уақыт бойынша түскі 12 шамасында да ғимарат алдындағы жұрт тарқамады.
Бұған дейін де Қызылордада тұрғындар жиналып, биліктен әлеуметтік көмек талап еткен.
9 сәуірде жергілікті БАҚ "Біз біргеміз" акциясы аясында алғашқы 50 мың отбасына 50 мың теңге көлемінде көмек берілгенін жазды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан бойынша 3 миллионнан астам адамнан 42 500 теңге көлемінде көмек алуға өтініш түскен. Осы аптада министрлік өтініштерді өңдеуге көбірек уақыт кеткендіктен әлеуметтік көмектің кешігіп жетуі мүмкін екенін ескерткен.
Қарай отырыңыз: 42 500 теңгенің әуресі. Қазпошта мен банк алдындағы ұзын-сонар кезек (3 сәуір 2020 жыл).
<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«42 500 теңгенің әуресі. Қазпошта мен банк алдындағы ұзын-сонар кезек» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b">
Embed Бөлісіңіз 42 500 теңгенің әуресі. Қазпошта мен банк алдындағы ұзын-сонар кезек
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30527679.html» dir=«ltr» readonly />
No media source currently available
0:00 0:02:55 0:00 Жүктеп алу