12:23, 06 Маусым 2022
Қызылордада аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған
Қызылордада аудандық аурухана есепшілері 14 миллион теңге жымқырған, — деп хабарлайды облыстың Қаржы мониторинг агенттігі.
Ведомоствоның мәліметінше, Жаңақорған аудандық ауруханасының бұрынғы бас бухгалтері қызметтік өкілеттігін пайдаланып, 2015-2019 жылға дейін жалған іссапар құжаттарын ресімдеп отырған.
Аталған дерекке қатысты сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын сомасы 14 миллион теңге.
Аудандық аурухананың бұрынғы қызметкерлері М. Сатыбалдиева мен З. Шомантаева 2 жылдан 7 жылға дейін, ал М. Бөрібаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды", — делінген хабарламада.