Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:29, 27 Наурыз 2020

Қызылордада азық-түлік қоймасының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды

None
None

27 наурызда түс кезінде Қызылорда қаласы Шымбай мөлтек ауданы "Ажар" сауда орталығының қоймасына жүзден астам адам жиналып, азық-түлік үлестіруді талап етті.

Жергілікті әкімдіктің түсіндіруінше, бұл жаққа негізінен көп балалы отбасыларға үлестірілетін азық-түлік пакетін алуға келгендер жиналған. Тұрғындардың өзі азық-түлік жетпей қала ма деп қорқатынын жеткізді.

Азық-түлік қоймасының алдына жиналған халық. 27 наурыз 2020 жыл. /> Азық-түлік қоймасының алдына жиналған халық. 27 наурыз 2020 жыл.

Азаттыққа сұхбат берген тұрғындардың бірі таңертең қойма алдында азырақ адам болғанын, кейіннен "азық-түлік таратып жатқаны туралы хабар" Whatsapp-та жылдам тарап, қоймаға көп адам жиналып кеткенін айтты.

Жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 12.00-де сауда орталығында орналасқан қойманың екі жағындағы есік алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Уақыт өткен сайын адамдар қарасы көбейе берді.

Әкімдік өкілдері "азық-түлік қоры бәріне жетеді, коронавирус тарап жатқан шақта былай жиналуға болмайды" деп көпті таратуға тырысты. Бірақ жұрт тарқамады.

Қойма қызметкерлері кезектің алдында тұрғандарға біртіндеп бір-екі қораптан азық-түлік үлестірді. Бір қораптың ішінде бір-екі кило қарақұмық, жарма, сұйық май, печенье т.б өнімдер бар.

2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жаңа тәртіппен беріле бастаған еді.

Жаңа ережеге сай, билік төрт балаға — 42 496 теңге (бір балаға 10 500 теңге), бес балаға — 53127 теңге, алты балаға — 63 757 теңге, жеті және одан көп балаға 74 388 теңге береді. Бұған қоса, бастап бала санына қарай азық-түлік пакетін үлестіреді.

Бір күн бұрын Қызылодада ондаған тұрғын «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акциясына енбей қалғанына наразылық танытқан еді. Акция аясында тұрмысы төмен шаңырақтарға, жалғызбасты мүгедек жандар мен өзге де көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беріледі. Билік партиясы акцияны коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайдан соң бастаған.

Қарай отырыңыз: Тұрғындар "Нұр Отан" акциясына ілінбей қалғанына наразы (6 наурыз 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Тұрғындар "Нұр Отан" акциясына ілінбей қалғанына наразы» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Тұрғындар &amp;quot;Нұр Отан&amp;quot; акциясына ілінбей қалғанына наразы please wait Embed Бөлісіңіз
Тұрғындар "Нұр Отан" акциясына ілінбей қалғанына наразы
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30511083.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:01:55 0:00 Жүктеп алу
Тегтер: