Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:27, 10 Сәуір 2020

Қызылордада босанған науқас әйелдің нәрестесіне вирус жұқпаған

None
None

Қызылорда облысында 9 сәуірде босанған науқас әйелдің баласына вирус жұқпаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусы жоқ екені анықталды" деді Жақсылық Әбдісәметов.

Дәрігерлердің айтуынша, бейсенбі күні дүниеге келген сәбидің салмағы — 2970 грамм, бойы — 51 см. Жағдайы бірқалыпты. Әйелді босандырған дәрігерлер екі апта үй карантиніне жіберілген.

Қазір Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар 104-ке жетті. Бұл аймақ вирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан (226) мен Алматыдан (122) кейін тұр.

Қазір Қазақстанда 802 адам вирус жұқтырды. 61 адам дерттен айықты. 9 адам қайтыс болды.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: