Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:38, 07 Қазан 2024

Референдумда дауыс бергендердің 70%-ға жуығы Қазақстанда АЭС салуды қолдайды - Exit-pool

з
Фото: ашық дереккөз
Референдумда дауыс бергендердің 70%-ға жуығы Қазақстанда атом электр стансасын салуды қолдағанын көрсетті, деп хабарлайды Exit-pool.

7 қазанға қараған түні әлеуметтанушылар дауыс беруден кейін сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтар арасында жүргізген сауалнамасының қорытындысы жарияланды. Бұқаралық ақпарат құралдарында үш институттың сауалнамасының қорытындысы шықты.

Экзит-полл мәліметтері бойынша, сайлаушылардың 67,3%-ы дауыс берді.

«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері:

Сауалнамаға қатысқандардың 69,8%-ы Қазақстанда АЭС салуға дауыс берді және азаматтардың 30,2%-ы келіспейді.

Еуразиялық интеграция институтының exit-poll мәліметтері: (өте ұқсас)

АЭС құрылысын қолдағандар – 69,8%, Қарсы – 30,2%,

 «Аманат» партиясының Қоғамдық саясат институтының экзит-полл мәліметтері:

АЭС құрылысын қолдағандар – 72,3% Қарсы – 27,7%.

Көп ұзамай кейбір ақпарат агенттіктері Еуразиялық интеграция институтының экзит-полл нәтижелерін өшіріп тастады.

6 қазан күні сағат 20.00-де референдум өткізу жөніндегі учаскелік комиссиялар дауыстарды санауды бастады. Санау уақыты санау сәтінен бастап 12 сағаттан аспауы керек.