Бүгін, 15:10
Референдумға 20,8 млрд теңге бөлінеді
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдегендей, алдын ала есеп бойынша референдум өткізуге 20,8 миллиард теңге қарастырылған. Бұл сома әлі Үкіметтің ресми шешімімен нақтыланатын болады.
Бортник атап өткендей, қаражаттың 75%-ы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің жалақысына жұмсалады.
Еске салайық, бұған дейін қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков референдумға АЭС-ке бөлінген 15,5 млрд теңгеден көп қаржы жұмсалатынын хабарлаған болатын.