17:41, 13 Ақпан 2026
Түркия парламентінде депутаттар тағы төбелесті
Анкарада өткен парламент отырысы кезінде билік партиясы мен оппозиция депутаттарының дауынан қақтығыс шықты.
Үкіметтің жаңа шешімдері талқыланып жатқан сәтте тараптар сөзге келісе алмай, дау-жанжал төбелеске ұласқан. Депутаттар бірін-бірі итеріп, кейбірі жұдырықтасқан.
Салдарынан отырыс уақытша тоқтатылып, қауіпсіздік қызметкерлері депутаттарды ажыратуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, Түркия парламентінде мұндай жағдайлар бұған дейін де бірнеше рет тіркелген.