Live

Жезқазғандағы криминалдық авторитеттің өліміне күдікті Витта Махмаханов 20 жылдан кейін ұсталды

Қазақстанда 20 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысына байланысты халықаралық іздеуде жүрген 50 жастағы Витта Махмаханов Түркияда қолға түсті.

Витта Махмаханов

Ол Жезқазғанда "Сағи" лақап атымен танылған Сағит Шоқпытовтың өліміне күдікті. 

Түркиялық Habertürk басылымының мәліметінше, 1976 жылы Алматыда дүниеге келген, шешен ұлтынан шыққан Махмахановты Ресейдің құқық қорғау органдары кісі өлтіру қылмыстары бойынша іздестірген.

Ыстанбұл полициясы оның Бақыркөй ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынғанын анықтап, арнайы операция барысында ұстаған. Қазір күдіктіге қатысты процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

2006 жылғы 28 қарашада Жезқазғанда үйіне қайтып бара жатқан Сағит Шоқпытовтың көлігіне қарулы шабуыл жасалып, ол көз жұмған. Осы оқиғадан кейін Ресейдің құқық қорғау органдары Витта Махмахановты іздеуге жариялаған.

Қазақстандық БАҚ пен тергеу материалдарында Шоқпытов 2000 жылдары Қарағанды облысында әрекет еткен "Сағи" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі болғаны айтылады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз