Live

Шымкентте ер адам танысудан бас тартқан қызға стақан лақтырған

Шымкенттегі "Кофемолка" кофеханасында болған жанжал кезінде бойжеткеннің тісі сынып, ерні мен қолы жарақаттанған. Оқиғаға қатысты полицияға арыз түскен.

Шымкент

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көрші үстелде отырған алты ер адам әуелі қатты сөйлесіп, кейін қыздармен танысуға ұсыныс жасаған. Алайда олардан бас тартқан соң, ер адамдар бойжеткендердің ұлтын сұрап, артынша тіл тигізе бастаған.

Жанжал барысында ер адамдардың бірі қыздарға қарай стақан лақтырып, олардың біріне тигізген. Куәгерлердің сөзінше, соққыдан бойжеткеннің тісі сынып, ерні жырылған. Сонымен қатар шыны сынығы қолын сүйегіне дейін тіліп кеткен.

Оқиғадан кейін ер адамдар полиция келгенше кофеханадан кетіп қалған. Ал зардап шеккен қыздар құқық қорғау органдарының қызметкерлерін күтіп, медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер бойжеткеннің ерні мен қолындағы жарақатты тіккен.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз