Live

Қазақстанда 10 күнде шетелге 508 млн теңгеден астам валютаны заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 16-25 қараша аралығында шекарадағы өткізу пункттерінде декларацияланбаған ақшаны елден шығарудың 59 әрекеті тоқтатылған.

Ақша

Тәркіленген валютаның жалпы құны 508 миллион теңгеден асады.

Мәселен, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекара бекетінде Қазақстан азаматының жүгінен 4 миллион 441 мың 500 рубль табылған. Бұл сома шамамен 23 миллион теңгеге тең.

Ал 23 қарашада "Қордай" өткізу пунктінде шетелдік азаматтың 200 мың АҚШ долларын, яғни шамамен 91 миллион теңгені жасырын алып өтпек болғаны анықталды.

Аталған деректер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданды.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес, елден 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын ескертті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Тегтер: ақша ҰҚК
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз