Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:35

Референдумның қорытындысы: 87,15% қазақстандық жаңа Конституцияны қолдады

Сайлау
Фото: из открытых источников

Референдумның қорытынды нәтижелері жарияланды.

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға Қазақстанда және шетелде жалпы саны 9 127 192 адам қатысқан. Бұл – сайлаушылардың 73,12%-ын құрайды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша: «Қолдаймын» деп 7 954 667 адам дауыс берген, бұл – 87,15%.

Айта кетейік, 16 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өткен ұлттық референдумға қатысты алғашқы экзитпол нәтижелері жарияланған еді.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының дерегінше, сауалнамаға қатысқандардың 87,4%-ы түзетулерді қолдаған. Дауыс беруге қатысу деңгейі 73,8% болған.

Ұқсас нәтижені Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитпол да көрсетті — дауыс беруге қатысқандардың 86,7%-ы өзгерістерді «қолдаймыз» деп жауап берген.

Ал «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген зерттеуге сәйкес, қолдау деңгейі 88,6%-ға жеткен. Бұл ретте дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,1% болған.