Рекорд қайталанады
Сан-Марино –Қазақстан –1:3
Голдар: Берарди, 77 –Зайнутдинов, 6, Сүйімбаев, 22, Щеткин, 26
Ескерту: Палацци, 54, Симончини, 85, Берарди, 90 – Мирошниченко, 32, Тағыберген, 45
Сан-Марино: Бенедеттини, Палацци, Симончини, Баттистини, Грандони(Чеккароли, 80), Бролли,А.
Голинуччи (Лунадеи, 60), Е.Голинуччи, Муларони, Берарди, Нанни (Хирш 64)
Қазақстан: Непогодов, Вороговский(Мирошниченко, 18), Марочкин, Малый, Шомко, Сүйімбаев, Қуат, Исламхан,Зайнутдинов, Тағыберген (Федин, 65), Щеткин (Әйімбетов, 73)
Төреші –Ә.Палабійік (Түркия)
16 қараша. «Сан-Марино» стадионы, Серравалле
Euro-2020 іріктеукезеңінде Қазақстан құрамасы түскен І тобында мәселе әлі толық шешілген жоқ.«Ер Төстігім бір төбе» – Бельгия мен Ресей, «тоғыз ұлым бір төбе» – Шотландия,Кипр және Қазақстан болып тұр. Ал Сан-Марино құрамасы үшін бұл іріктеу кезеңіндеқарсыластар қақпасына бір доп соғу басты меже болғаны анық. Қазақстанаутсайдерлерді сондай арманына жеткізді.
Бұл турда Бельгия құрамасы сырт алаңдаРесейді 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, талассыз көшбасшы екенін дәлелдеді.Бельгиялықтар тоғыз кездесудің бәрінде жеңіске жетті және 2020 жылғы Еуропабіріншілігіне бірінші жолдама иеленген команда болды.
Қазақстан құрамасы бұл ойында өз тарихындағыбір рекордты қайталады. 2008 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндеотандастарымыз 14 ойында 10 ұпай жинаған еді. Содан кейінгі іріктеулердің барлығындадерлік бұл меже бізге бағынған жоқ. Міне, чех маманы Михал Билектің басшылығыменбиыл құрама Сан-Мариноны – екі рет, Шотландияны бір рет жеңіп, Кипрмен сырт алаңдатең ойнап, 12 жыл бұрынғы рекордын қайталады. Бүгін сырт алаңда Шотландияданбір ұпай болса да жырып қалса, онда осы рекордын жаңартады.
Әрине, бұл іріктеу кезеңінде Қазақстанбірсыдырғы ойын өрнегін көрсетті деуге болмайды. Отандастарымыз алғашқыкездесуде Шотландияны 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, сенсацияға лайық жаңалықжасаса, артынша-ақ өз алаңында Ресейден 0:4 есебімен жеңілді. Тіпті көш басындағыБельгиямен және Ресеймен үзеңгілес өнер көрсетуге жарамады десек те,Шотландиямен және Кипрмен үшінші орынға таласуға жарағаны да көңілге медетболып тұр. Өз алаңымызда Кипрден жеңілгеніміздің өкініші зор. Бұл кездесуде Қазақстанбірінші болып есеп ашқан еді. Негізгі қарсыластан жеңілмегенде, қазір үшіншіорынға табан тіреудің мүмкіндігі көп болар еді.
Бүгін астана уақытымен сәрсенбіге қараған түніөтетін кездесуге қорғаушы Ян Вороговский қатыса алмауы мүмкін. Ол Сан-Мариноменойында жарақат алып қалды.
Сан-Марино – Қазақстанкездесуіндегі деректер:
а) Қазақстан құрамасы өз тарихындағы 200-ші(екі жүзінші) кездесуін өткізді;
ә) Қазақстан құрамасы өз тарихындағы 48-ші (қырықсегізінші) жеңісіне қол жеткізді;
б) Бақтияр Зайнутдинов құрама сапындағыбесінші добын соғып, құрама мергендерінің үздік ондығына енді. Бақтиярдыңалдында Р.Балтиев (13 доп), В.Зубарев (12), Д.Бяков пен С.Хижниченко (8), Н.Жұмасқалиев(7), О.Литвиненко, И.Авдеев, С.Остапенко (6) бар;
в) Қазақстан құрамасы өз тарихында сырт алаңдажетінші рет жеңіске жетті;
г) Бұл кездесуде қақпашы Д.Непогодов құрамасапындағы – 10-шы, шабуылшы А.Щеткин 30-шы ойынын өткізді.
Финляндия:тұңғыш рет Euro-ға шықты Euro-2020 іріктеу кезеңінің тоғызыншы турындақұрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан тағы бірнеше құрама белгіліболды. Жалпы, қазір финалистердің 17-сі белгілі. Олар: А тобы. Англия,Чехия. Англияқұрамасы бұл іріктеу кезеңінде Чехиядан ғана жеңілді. 11 қазанда чехтар Прагада2:1 есебімен басым түсті. Чехия 1996 жылдан бері дербес мемлекет ретінде Еуропачемпионатының финалдық кезеңдеріне үзбей қатысып келе жатыр. Осы іріктеукезеңінде бұл құрама үш ойында жігерлі жеңіске жетті. Мұндай жетістік басқаешбір командада жоқ. В тобы. Украина, Португалия. Украина құрамасы өз тарихында бірінші рет Еуропа біріншілігінетікелей жолдама алды. 2012 жылы жарысты өткізуші ел ретінде қатысқанда, қазіргібас бапкері Андрей Шевченко екі гол авторы атанған еді. Ал Португалия соңғытурда Люксембургтен 2:0 есебімен басым түсіп, Сербияны жолда қалдырды.Криштиану Роналду құрама сапындағы 99-шы голын соғып, әлем рекордшысы ӘлиДаеиге (Иран, 109 доп) жақындады. С тобы. Голландия,Германия. Голландияқұрамасы алты жыл үзілістен кейін ірі турнирлердің финалдық кезеңіне оралды.Соңғы рет олар 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысқан-ды. Ал Германия қатарынан13 (он үшінші) рет Еуропа чемпионатына жолдама алды. Мұндай көрсеткішқұрлықтағы басқа ешбір құрамада жоқ. Оның үстіне бас бапкер Йоахим Лөвжаттықтырғалы германиялықтар Еуропа чемпионатында ширек финалдан төмендепкөрген емес. Е тобы. Хорватия. Әлемнің вице-чемпиондары топтағы қарсыластарынананағұрлым ұзап кетті. 2018 жылғы әлемдік додадан бері бұл құрамаға тоғыз жаңафутболшы қосылды. Ал Венгрия, Уэльс және Словакия құрамалары қалған жалғызжолдамаға таласады. Венгрия өз алаңында – Уэльспен, Словакия Әзірбайжанменкездеседі. F тобы. Испания, Швеция. Испания биылғы іріктеуде де ешбірқарсыласынан жеңілген жоқ. Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңдерінде 2014жылдың қазан айынан бері сәтсіздікке тап болған жоқ. Соңғы рет испандар солжылы 9 қазанда сырт алаңда Словакияға 1:2 есебімен есе жіберді. Швеция құрамасықатарынан алтыншы рет Euro-ға жолдама алды. G тобы. Польша,Австрия. Польша 2008 жылдан бергі Еуропа чемпионаттарыныңфиналдық кезеңіне үздіксіз қатысып келеді. Оған дейін мүлде шыға алмағанболатын. Австрия құрамасы 2008 және 2016 жылы құрлық додасына қатысып, топтаншыға алмады. Алты ойында екі рет қана тең ойнады. Келесі жылы үшінші рет бақсынайды. Н тобы. Франция,Түркия. Францияқұрамасы 2016 жылы өз елінде өткен құрлық додасында күміс жүлде иеленген еді.Содан кейін Дешам шәкірттері 2018 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды. Алдағытурнирге де басты фавориттердің бірі ретінде қатыспақ. Ал Түркия құрамасықұрлық додасына бесінші рет жолдама алды. І тобы. Бельгия,Ресей. БельгиялықтарҚазақстан құрамасы қатысқан І тобында мықты екенін бірден дәлелдеді. Олар тоғызкездесудің бәрінде жеңіске жетіп, өз қақпасына екі доп қана жіберді. Қазіргідоп айырмасы – 34:2. Соңғы турда бельгиялықтар өз алаңында Кипрды қабылдайды.Бұл ойында да тізгін тартпаса, олар іріктеу кезеңінде ешқандай ұпай жоғалтпайды.Ресей құрамасы бұл іріктеу кезеңінде қатарынан жеті ойында жеңіске жетіп, өзрекордын қайталады. J тобы. Италия,Финляндия. 2018жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмаған соң, Италия құрамасы үлкен өзгерістергебел буды. Роберто Манчини тізгінді қолға алған соң, «скуадра адзурра» іріктеукезеңіндегі тоғыз кездесуде де қарсыластарын тұқыртты. Қатарынан 10 ойындажеңіске жетіп, құрама рекордын жаңартты. Ал Финляндия өз тарихында тұңғыш ретірі турнирлердің финалдық кезеңіне жолдама алып отыр. 15 қарашада өз алаңындаЛихтенштейнді 3:0 есебімен жеңіп, Еуропа додасына жолдама алған соң,Хельсинкиде ұлттық мереке басталып кетті. Мәселесі шешілмеген жалғыз топ – D тобы. Мұнда Дания (15ұпай), Швейцария (14), Ирландия (12) құрамалары екі жолдамадан үмітті. Соңғытурда Ирландия өз алаңында Данияны қабылдайды. Ал Швейцария аутсайдерГибралтармен сырт алаңда кездеседі.