18:48, 19 Маусым 2018
«Ресей плей-офф кезеңіне өтеді»
«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Жозе МОУРИНЬО Ресейлік футболшыларды Уругваймен бірге плей-офф кезеңіне шығады деп сенеді.
Алайда даңқты бапкер А тобында кімнің бірінші болатынын нақтылап айтпайды. Бұл туралы Жас Алаш sovsport.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Португалиялық маман Ресейдің мысырлықтарға қарсы ойыны шешуші матч болатынын айтады. «Орыстар бүгін тең ойнаса келесі кезеңге өтеді. Бәлкім, есеп 2-2 болады», — дейді Манчестер Юнайтедттің бапкері.Естеріңізге сала кетейік, Ресей ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Сауд Арабиясымен өткізіп, 5-0 есебімен жеңген болатын. Ресей мен Египет Астана уақытымен сағат 00-00 де ойнайды. Фото:global.espn.com