14:08, 25 Сәуір 2020
Ресейде бір күн ішінде 6 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды
Ресейде бір күнде 5966 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы шұғыл штабқа сілтеме жасаған Азаттықтың Орыс қызметі хабарлады.
66 адам қайтыс болған, олардың 41-і — Мәскеуден. Ресей астанасында бір күнде 2612 науқас анықталған. Мәскеу облысында — 605, Санкт-Петербургте 215 адамға вирус жұққан.
Елде барлығы 74 500-ден астам адамнан коронавирус табылған. 6250 адам жазылған. 681 адам қайтыс болған. Коронавирус жұққандардың басым бөлігі ауруханаға жатқызылған.
"Роспотребнадзор" дерегінше, 2,7 млн адам тестен өткен.