Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:38, 09 Мамыр 2020

Ресейде шамамен 200 мыңнан астам адамға коронавирус жұққан

None
None

Ресейде коронавирус жұқтырғандар 200 мыңға жуықтады. Бұл туралы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.

Штабтың 9 мамыр күнгі ақпараты бойынша, Ресейде бір күнде 10 817 адамнан коронавирус табылған. 5667-сі — Мәскеуден. Барлығы 198 676 адамға вирус жұққан. 31 916 адам жазылған.

Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеу мен Мәскеу облысында (123 614) тұрады. Қала мэрі Сергей Собяниннің пікірінше, қалада 300 мың адамға вирус жұққан болуы мүмкін.

Эпидемия тарағалы бері 1827 адам қайтыс болған.

Ресей вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде АҚШ, Испания, Италия, Ұлыбританиядан кейін бесінші орында тұр.

LIVE Коронавирус Қазақстандағы және әлемдегі жағдай

Тегтер: