Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:34, 17 Шілде 2020

Ресейлік дәрігерлер консультациялық көмек көрсетеді

Шымкентке коронавирустық инфекциямен күресбойынша тәжірибе алмасу үшін бір топ ресейлік дәрігерлер келді.

Бұл туралыШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақолар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемеліккөмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Сондай-ақ,бірлесе жұмыс істеуге табыс тіледі.

«Бүгінгі таңда әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияныемдеудің жаңа әдістерінзерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттерарасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасындабіліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігінеие болып отыр. Осы орайда, Сіздерді Шымкент қаласындакөріп отырғанымызға қуаныштымыз», — деді Мұрат Әйтенов.

Ресейден келген дәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханағабекітілетін болады.

Бүгінде Шымкент қаласында короновируспен күрес бойынша ем алу шараларынжүргізуге 3264 медицина қызметкеріжұмылдырылған.

Тегтер: