Ресей Қазақстанның оңтүстігіне 3 орыс тілді мектеп салмақшы

Ресей басшысының орынбасары Алексей Оверчук Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында өткен форумда Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысы басталатынын мәлімдеді, деп жазады Zhasalash.kz.
«Ынтымақтастық пен барлық деңгейде іс-жүргізу үшін бізге орыс тілі қажет. Қазір біз аудармашылардың көмегінсіз-ақ бір-бірімізді тікелей түсініп отырмыз. Қазақстанда орыс тіліне деген қызығушылық бар. Біз бұл мәселені үкіметаралық комиссияның отырысында да талқыладық. Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілі бойынша халықаралық ұйымның құрылуы бастамасы үшін алғыс айтамыз. Ол келісімге 13 қазанда ТМД елдері басшыларының кеңесінде қол қойылды. Қазір біз Қазақстанның оңтүстігінде орыс тілінде сабақ беретін үш мектептің құрылысын детальды түрде талқылап жатырмыз», - деді ол.
Оверчук атағандай, Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алады. Cондай-ақ Ресей үкіметі Қазақстаннан ауыл шаруашылығы ЖОО-сының филиалын ашу жұмыстарын пысықтап жатқанын мәлімдеді.