16:50, 24 Қаңтар 2024
Ресейде тұтқындар болған Ил-76 әскери ұшағы құлады

Ресейдің Белгород облысында ИЛ-76 әскери ұшағы құлады. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Алғашында бортта 63 адам болды деген ақпарат шықты, алайда 74 адам болғаны нақтыланды. Ұшақта украиналық 65 тұтқын, бұған қоса алты экипаж мүшесі мен тұтқындарға бас-көз болып жүрген үш адам бары хабарланды.
Оқиға Корочанск ауданында орын алды. Белгород губернаторы Вячеслав Гладков өз кезегінде Корочанск ауданына аттанғанын жеткізді. Сонымен қатар апат орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатқанын айтты.
Украина қорғаныс министрлігі бұл ақпараттарға қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.