Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:02, 11 Желтоқсан 2023

Ресейдегі президент сайлауына дауыс беруге Украинаның оккупацияланған аймақтары да қатыспақ

сайлау
Фото: из открытых источников

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы әскери жағдайға қарамастан Ресей аннексиялаған Украина аумақтарында президент сайлауын өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Ресей аннексиялаған Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарында 2024 жылдың көктемінде президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады.

Орталық сайлау комиссиясы түсіндіргендей, шешім Ресей қорғаныс министрлігімен және ФСБ-мен, сондай-ақ Ресей тағайындаған Украинаның аннексияланған аймақтарының «көшбасшыларымен» кеңескеннен кейін қабылданды.

«Кеңессөздерге қатысушылардың барлығы Ресей Федерациясының осы субъектілерінің аумағында Мемлекет басшысын сайлауды өткізуге болады», - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясы.

Осы жылдың мамыр айының соңында Владимир Путин «Әскери жағдай туралы» заңға Украинаның аннексияланған аумақтарында сайлау өткізуді көздейтін түзетулерге қол қойды. Құжатқа сәйкес, Украинаның Ресейге өткен аумақтарында сайлау Орталық сайлау комиссиясымен, Ресей қорғаныс министрлігімен және ФСБ-мен кеңескеннен кейін өткізілуі мүмкін. 

Мәскеу аннексияланған аумақта әскери жағдай енгізген. Ресей заңына сай, мұндай жағдайда сайлау өткізу мүмкін емес.

Ресей орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын үш күн – 2024 жылдың 15-17 наурыз аралығында өткізу туралы шешім қабылдаған. Владимир Путин бесінші рет президент сайлауына түскелі жатыр.

Халықаралық қауымдастық пен Киев Ресейдің Украинаның оккупациялап алған аймақтарын Мәскеудің жері деп мойындамайтынын мәлімдеген.