Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:46, 27 Тамыз 2024

Ресейге көмектескен тағы бір қазақстандық компания санкцияға ілінді

ы
Фото: ашық дереккөз

Ресейге салынған санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін АҚШ Астанада тіркелген тағы бір қазақстандық компания – CATU TECH LLP-ді санкциялар тізіміне енгізді.

Компания Ресей, Түркия, БАӘ, Қытай және басқа елдердің көптеген жаңа компанияларымен бірге АҚШ қазынашылығының санкциялар тізіміне қосылған.

Vlast.kz мәліметінше, CATU TECH Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін бір айдан аз уақыт өткен соң, 2022 жылдың наурыз айында құрылған. Компания бастапқыда Telecomtrading деп аталды, ал оның негізін қалаушы Валентин Столяров, ресейлік кәсіпкер болуы мүмкін.

Тіркелгеннен кейін бір ай өткен соң компания құрылтайшысы – Алтынгүл Жұматаева болып ауысқан. Ол компанияны да басқарады. Ал, 2022 жылдың қазан айында компания атауын «CATU TECH» деп өзгертті.

Қазір компанияның қызметі компьютерлердің көтерме саудасы болып табылады. Бұл ретте CATU TECH тіркелгеннен кейін екі жарым жыл бойы салық төлемеген.