Бүгін, 10:30
Ресейлік БАҚ-та Қазақстанның Ата заңындағы орыс тілі мәселесі талқыланып жатыр
Жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесі өзгерді: бұрынғы «тең» сөзі «қатар» деп ауыстырылды.
Ресейлік БАҚ өкілдері бұл өзгерісті «орыс тілінің мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарындағы паритетін фактілік түрде жою» деп сипаттап отыр.
«Қазақстанда орыс тілінің мәртебесі жасырын түрде өзгертілді.Атап айтқанда, билік орыс тілін мемлекеттік тілмен «тең» қолдану туралы нормадан бас тартып, оны «қатар» қолдану деген әлдеқайда әлсіз ұғыммен алмастырған», - деп жазды Ресейлік БАҚ өкілдері.
Бұл түзету туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.