11:43, 08 Қазан 2024
Ресми: Қазақстанда атом электр станциясы салынады

Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесі бойынша оң шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.
Осылайша, референдум өтті деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды, деп хабарлады ОСК.