Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:51

Рыбакина Майамидегі турнирде Путинцеваны жеңді

Рыбакина
Фото: из открытых источников

  АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы екінші айналым матчы аяқталды.

Әлемнің екінші ракеткасы саналатын Рыбакина қарсыласын екі сетте – 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Матч барысында Рыбакина 9 эйс жасап, 2 қос қателік жіберді және 6 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал Путинцева 1 эйс орындап, қос қателік жібермегенімен, 3 брейк-пойнттың тек біреуін ғана жүзеге асырды.

Үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 28-ракеткасы, украинадық Марта Костюкпен кездеседі.

Айта кетейік, Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтуде. Жалпы жүлде қоры – 18,8 млн доллар (шамамен 9,08 млрд теңге). Ал жекелей сында жеңіске жеткен теннисшілер 1,15 млн доллардан (555 млн теңгеден астам) алады.

Турнирдің қазіргі чемпионы – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.