Бүгін, 11:38
Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалында өзбекстандық қарсыласын жеңді
Сабыржан Аққалықов 75 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының финалында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Қазақстандық боксшы шешуші жекпе-жекте өзбекстандық боксшы Жовохир Абдурахимовты жеңіп, ел қоржынына тағы бір алтын салды.
Айта кетейік, бұған дейін екі спортшымыз финалда жекпе-жек өткізген болатын: Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанса, Төрехан Сабырхан финалда жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.