Садық МҰСТАФАЕВ: Жүрегін жұлып беруге дайын менеджер керек

«Спорт – ел намысы» дейміз. Тұтас ұлттыңтектілігіне өлшем болатын осы бір саланың еліміздегі даму деңгейі қандай?
Спортшы, кейін бапкер, халықаралық дәрежедегі төреші болған, бірнеше жыл Қызылордаоблысында табысты еңбек еткен белгілі спорт қайраткері Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаевтілші сұрағына жауап берді.
– Садық Шоңмұрынұлы, егер елдегі спорттыңдамуын өлшеу мүмкін болса, өткен ғасырдың 90-жылдарымен салыстырғанда қазірқанша қарыс ұзарды дейтін едік?
– Сұрағың ұзақтау екен. Таразыға тартып,салмағын білмек болсаң да, құлаштап өлшеп, ұзындығын тексергің келсе де, мынабір қағида ойыңда жүрсін: cпортты алға апаратын – фанат-бапкерлер. Олар ілудебір кездессе де, кез келген елді мекеннен табылуы мүмкін. Бейнелеп айтқанда,олар табиғатта әлі де бар. Тіпті қазір де екеумізбен қатар өмір сүреді. Ел ішінде жүреді. Біреубайқайтын шығар, екіншісі елемейді. Шетінен тегіс тұйық келеді. Ашылыпсөйлемейді де. Ешкімге мұң шақпайды. Күнін қаратпайды. Бірақ бүкіл спорттың даму индексі солардыңқарымы мен қабілетімен өлшенеді. Бұл түсінікке ауыр, қабылдауға қиын қисыншығар. Біз алтындап спорт залдарын салайық немесе арена біткенге балалардытолтырып қоялық. Егер әлгі мамандар іске бел шешіп кіріспесе бәрі де құрәурешілік.
– Демек…
– Демек,біздің ел бірінші кезекте талантты бапкерлердің тұрмыстық жағдайына мән беруітиіс. Жер-жерде спортқа жаны ашитын азаматтар бірді-екілі бапкердің жағдайынжасап жүр және ол қадам өз жемісін беруде. Тізіп айтуға да болар еді. Арқадағы,осы төңіректегі Жақсы ауданы, Қарағанды облысында да бар. Шығыс пен БатысҚазақстаннан да табасыз. Жетісудан, Сыр бойынан дегендей. Бірақ толық жүйеқалыптастыра алмадық қой. Бапкерлер институтын жасай алмадық. Осы бір жердесұхбатты аяқтасаң да болады. Өйткені мықты маман болмай, жалпы, істің дөңгеленіпкетуі екіталай.
– Бапкердегенде, чемпиондар мен жүлдегерлер солардың ұстаханасында шыңдалады. Әлгі бейнетті елемейтін жаттықтырушылар шәкіртіздейді, табады. Жөндейді, тезге салады. Жонады, күзейді, түбінде солардыңшәкірті бәрінен озады. Олар бүкіл чемпиондар мен кешенді сындарда, әлембіріншіліктері мен құрлық жарыстарында жүлде алған ұл-қыздардың алғашқы, тіптіқазіргі бапкерлері. Рас, жыл санап қатарлары сиреп келеді. Ол анық. Эволюциялықөзгеріс десек қайтеді? Әйтеуір, адамдардың көзқарасы өзгерді. Қоғамдықабылдауы, ақиқатты мойындауы, тағысын тағылар. Сана толысқан шығар, иә?Шетімізден ақылдымыз, а? Бәлкім, тымдамып кеттік, мүмкін, өзге де жағдай әсер еткен болар. Білікті бапкер аталатындәрежедегі мамандар қазір мүлде тапшы. Оны мойындау керек.
– Кім, нені мойындауы тиіс?
– Мысалы,екеуміз. Өзің тілші ретінде шын таланттарды тауып, солар жайында материалберуді азайттың, баяғы қарқын жоқ, келісесің ғой?
– Мүмкін.
– Біз ауыл-ауылды кезіп, жылт еткен жаттықтырушыны тауып,соларды жұмысқа жегуді, сенім артуды сәл бәсеңдеттік. Біз дегенде, мен өзімдіқұрбан етейін деп отырған жоқпын. Шамам келгенше білікті маманды танып,алыстан-жақыннан алдырып, Сыр елінің спортын дамытуға жұмылдырдым. Оны тіпті дебатырлық деп түсінбеймін. Күнім қарады, сол жаттықтырушыларға және оның өзгесебептері де көп. Себеп өзімнен де табылатынын білемін. Көрдің бе, егер екеумізосы мәселеге мән бермесек, өзгелер мән бермесе, қазақ не деуші еді, осыжағдайда?
– Қазақ көп айтады.
– Қазақ «Аурудың асқынғанын өлімәшкерелейді» дейді және өте дұрыс айтады. Қазір қолыңда сараптама бар ма, соңғыжетістіктерді жіліктеп беретін? Негізгі кемшілікті тізіп салатын? Бапкер жоспары,оның жүзеге асқан-аспағаны жайында мәлімет? Көбіне жауап таппайсың, өйткеніқолыңда дерек жоқ. Керек десең, сенімен бөлісетін өкілетті орынды емгетаппайсың. Спорт та үлкен өндіріс орны, оның да өзіндік техникалықрегламенттері бар. Талаптары, шығындарын былай қойғанда. Шынығып жүріп медальтеріп аламын деп ойлама. Басқа емес, бір Руслан Әбдіразақовты қазақша күресмайталманы жасаймыз деп, қанша тер төктік. Жапон апарып күрестірдік. Елдегіқарсыластарын түгел зерттедік. Тіпті ас-суына дейін қарадық. Тіл ұшында тұрғансоң, мысал ретінде айтқанымыз. Ал ол ұлттық спорттағы жігіт.
Классикалықспорттағылар ше? Бапкерге қырық есесалмақ түседі. Егер ол аймақтағы спортшы болса, облысты басқарып отырғаназаматтарға. Еңбек, ізденіс, қиындықтан жол табу, қиындық дегенде, негізгіқажеттілік қаржы ғой. Екінің бірі ұстата салмайды. Тағы да сол келіссөздер. Біраймақта бірнеше жыл жұмыс істедік, бір кісідей білеміз дегендей. Өңір басшысыныңұрпақ тәрбиесіне көзқарасы, ел намысына қатысты түсінігі маңызды рөл атқарады.Бүгінді емес, болашақты зерделеуі, ертеңді ойлауы, жалпы, пайым-парасатытаразыға түседі. Аллаға шүкір дейін, Қызылорда облысында өзім еңбек еткенжылдарда өңірді басқарған әкімдердің бәрі де кез келген идеяма қолдау көрсетіп,қаржылық мәселені дер кезінде шешіп отырды. Тіпті спорт орталығын да салыпқойдық. Ол жерде бәрі бар. Бірнеше арена бой көтерді.
– Қызылорда спорттағы бақытты шақты бастанкешті, негізі. Жарыс сайын жүлде алды. Бірінің ізін бірі басып келе жатқанталанттар шоғыры. Бір Қармақшыдан бірнеше спорт шебері шығып жатса, қала маңыспортшыларға лық толса, әрине, нәтиженің көрінісі. Сіз облыстық деңгейденреспубликалық кезеңге өттіңіз. Бірнеше жыл оқушылар мен студенттер спортынажауапты болдыңыз...
– Спортнемесе спорт қана емес, тұтас дене тәрбиесі ісі ғой. Мұнда да мәселе жетіп-артылады.Мысалы, дене тәрбиесі пәнінен сабақ беретін мұғалімді алайық. Ортақ әдістеме,оқу жоспары өз алдына, тап сол ұстаздың мәртебесі қандай? Мектеп директорларынемесе колледж директорлары пән мұғаліміне қаншалықты жағдай жасай алады? Балалар мен жасөспірімдер спортына жағдайжасалмай, дене тәрбиесі елде бұқаралық сипат ала алмайды. Олимпиадалық ізбасардайындаудың да реті келмейді. Есіңде жүрсін, өзің де білесің, негізі. Жалпы, дүниежүзінде студенттік спорттыңшоқтығы биік. АҚШ оны жақсы жолға қойған. Университет командаларының қарқынынбілесің, студенттер лигасы ше? Жоғары оқу орнында жасақталған команда кез келгенқарсыласын шаң қаптырады. Көптеген ел өздеріне тиесілі спорт түрлерін солайдамытты. Жастарды тарту жағын айтамын. Кез келген шетелдік оқу орнының спорттықнемесе жаттығу базаларын алыңыз. Таңғаласың. Қытай да студенттер лигасына,тіпті оған дейінгі дайындығы, яғни оқу-жаттығу жиындарына жете мән береді.Жарыстары өз алдына бір төбе. Өзің де куә болдың, Бейжің олимпиадасыныңжарыстары өткен ареналардың басым көпшілігі сол студенттер игілігіндегіғимараттар. Бізде ол әзірше мүмкін емес.
– Неге?
– Өйткені әзірше біздің елде студенттер спорты,жалпы, дамудың қайнар көзі деп есептелмейді. Есептелсе де, ескерілмейді. Жібітүзу жаттығу базасы бар жоғары оқу орындары бар ма? Студенттер лигасы ше?Мүмкін, бір-екі жерде көрініс берген шығар. Дегенмен оның керемет бір мәртебесіжоқ. Мысалы, спорттық ойын түрлерін алайық. Рас, бір кезде футболдан бастағымызкелді. Жалғасын таппай қалды ма, ұмытып кеттік пе, бір себеп бар, әйтеуір.Баскетболдан, волейболдан, су добынан бір-бір команда құру бір қарағанда ЖООүшін түкке тұрғысыз дүние. Қандай дүмпу болар еді қоғамда? Университеттер арасында өтетін шын мәніндегіуниверсиадалар болса ше? Олар тіпті елбіріншілігіне араласа алатын мәртебеге ие болып жатса… Әлгі футболды алайық.Екінші лигаға команда қоя алатын бір жоғары оқу орны бар ма? Жоқ! Неге? Жауаптабу қиын. Желеу табыла кетеді. Баяғыда СКИФ деген команда болды. ҚазМУ«Университет» баскетбол командасын тіпті КСРО біріншілігіне қатыстырды.Темірхан Досмұхамбетовтің шәкірттері ше? Басы самбо, кейін дзюдошылары қандайсаңлақтарға айналды. Есімдері елге мәлім. Даңқтары жер жарды дегендей. ЛюбовьКоваленко кезіндегі спорттық гимнастика қайда? Бір университет бүкіл Одақтадүрілдеп тұрды. Қазір ондайға мән беретін ректор бар ма? Төл шәкірттерінәлемдік додаға салып отырғаннан неге жериді? Рас, олимпиада чемпиондарын оқуғатіркеп қояды. Оның жөні басқа. Даңқы асқанның дақпыртына елігу ғана.
– Мектептердегі жағдай ше?
– Оныңбәрін кеңінен әңгімелеуге газетіңнің көлемі жете қояр ма екен?! Баяғыдакөптеген мектептердің спорттық жабдықтары сын көтеретін дәрежеде еді. ШығысҚазақстанда шаңғы толып тұратын. Солтүстік өңірлерде де. Денешынықтырусабақтарына пайдалану үшін. Сынып толы спортқа бейім балалар. Алғашқы іріктеулермектептің өзінде өтетін. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі шәкірттерінің қарымынбіліп, кейін жаттықтырушыларға өздері бағыттап отырды. Селекцияның көкесі сол.Қазір ол мұғалімнің қолы тие ме? Шәкірттің құлшынысы қандай? Ол негеқұлшынбайды? Ағарту, насихат жағында да кемшілік бар. Тізе берсек таң атырамыз.Бұл іс белгілі деңгейде жүйеленуі керек. Ол үшін білікті мамандар кеңесін құруқажет шығар. Біз іште жатқан, шығуы тиіс,әлде тиіс емес дүниелер биігінен қарадық. Нақты айта аламын, спортты алғаапаратындар, чемпион тәрбиелейтіндер – өз ісіне әбден берілген бапкерлер.Жанкешті жандар, таланттар шоғыры. Былайша айтқанда, жанын жұлып беретіндер.Бірнеше есімді атап өтуге болар еді, енді бірін ұмыта қалсақ өзіме ыңғайсыз,сондықтан бапкерлер деп қана тоқтайық.
– Олар міндетті түрде қалалардатұра ма?
– Неге? Ауылдық жерде де жүреді.Олар бап талғамайды. Тұрмысын түзеуге ұмтылмайды. Атақ іздемейді. Даңқ пендақпыртқа құмар емес. Қолдасаң риза болады, қолдамасаң ренжімейді. Өз әлемібар. Оған ешкімді кіргізбейді. Талантты бала көрсе талабын байқап, қабілетінтанып, тынысын ашуға ұмтылады. Жарысқа қосып бағын сынайды. Өзінің де,шәкіртінің де. Озып шықса шаттанады, қалып қойса қайта қайрайды. Жаттықтырады.Шаршамайды. Шеберлігін шыңдайды. Ерінбейді, жалықпайды. Түбінде мақсатынажетеді. Біздің қолымыздан келетіні соларға көмектесу. Жағдайын жасайық, жан дүниесінтүсінуге тырысайық. Кем дегенде, кедергі болмайық.
– Кедергі келтіретін кім?
– Мүмкін, бәріміз. Оларды түсінугесалақпыз. Тұрмысына мән бермейміз. Мүйіздейміз. Барынша жолын жабамыз. Жұмысынакедергі келтіреміз. Еңбегін бағалау қайда, шеттетеміз, қуамыз. Міне, көбінекөрініс беретін жағдайлар. Өзім де спорт саласын басқардым. Туған өлкеге барасала соларды іздедім, шәкірт тәрбиелеуге құлшынған мамандарды...
– Бірнешеуін таптыңыз...
– Мақсатым сол еді. Қызылорда облысыныңспортта кенжелеп қалғанын шәкіртімнің бірі ащы әжуамен сездірді. Сездіргенде,менің Сыр бойынан екенімді білмеді-ау, сірә. Алматыда шәкірт тәрбиелеп жүргенкезім, жібі түзу дұрыс қызметім болды. Халықаралық дзюдо қауымдастығына жолашылған кездер. Өсудің табалдырығын тап басып, мүмкіндік кеңістігіне енді енгенкез дегендей. Өзіндік жоспарым да жасалған. Бірде байрақты бәсекеде күресетін шәкіртім ұйықтап жатыр. Арнайы барыпкөрдім, сол балуанның сәлден кейін татамиге шығатынын. Сұраймын ғой, «не жатыс» деп. «Ағай, бірінші айналымда боспын ғой.Тынығып алайын деп едім». Өз-өзімнен қуыстандым. Қалай ғана жаңсақ көргем? Белдесуге шығатынын көзбенкөрдім ғой. Ерінбей жұптар тізімі ілулітұрған тұсқа қайта бардым. Қателеспеппіз. Бірнеше белдесуден кейін шәкіртімшығады. Жүгіріп қасына бардым. Оятып әлекпін. Ұрсып та қоямын. Сөйтсем,шәкіртім айтады, «Ағай, қызықсыз ғой, бірінші айналымда Қызылорданың балуаны.Оларға дайындалып не керек?» Есеңгіреп қалдым, әлде есімді жинап алсам керек.Рас, шәкіртім күресті. Алғашқы минутта жеңіске жетіп, келесі айналымға жолдамаалды. «Ер – туған жеріне» деуші еді. «Менікі не жүріс?» деп қатты күйзелдім.Достарға айттым. Бәрі қарсы болды. «Еуропаға, Жапонияға жол ашылып тұрғандаелді қайтейін деп едің?» Шешімді өзім қабылдадым. Елге қайттым. Облыстық спортбасқармасының тізгінін берді. Рақмет, бірнеше әкіммен жұмыс істедім. Бәріне деөз жоспарымды дәлелдей алдым. Олар мейлінше қолдау көрсетті.
– Мысалы, Б.Қуандықовты біз Бейжіңде көрдік..
– Иә, Ильяның жеңісін көру үшінәдейі барды. Ильин де жарады. Бір ғана ол ма екен, облыстың бірнеше спортшысыҚызылорданың шоқтығын биіктетті. Іздеген адам табады. Тарихта жазулы тұр.
Барғанбетте Берік Көпешовтің жастар арасында велоспорттан әлем чемпионы атануынжақсылыққа жорып едік. Сыр бойында салынған көптеген футбол алаңдары, облысорталығындағы ареналар ізденістің жемісі деп білеміз. Қызылорда теннис ойнайтынболды. Мұзда сырғанауды меңгерді…
– Біздің әңгіме басқа бағытта еді ғой...
– Мақтағанымемес, сол өлкедегі спорттың дамуын көзбен көрдік, жақсылықтың, жеңістіңнасихатшысы едік. Басқа емес, «Байқоңырдың» жанкүйеріміз.
Ауылдардыаралаймын ғой. Ағайын бар, дос көп. Бәрінің бір-бір өтініші бар. Балаларыталантты көрінеді. Доп тебеді. «Қайсарға» сұранады. Футболыңның өз саясаты бар.Облыстың маңдайалды командасы ауыл-ауылда доп теуіп жүрген балаларды ала қояма? Қасымдағы мамандардан сұраймын, «әлгі балалардың бәрі шынымен талантты ма?» деп. «Бірсыдырғы жақсы ойнайтындары көп,негізі. Бірақ оларға орын қайда? «Қайсар» толық жасақталған». Ойландық. Шешіміздедік. Таптық. Облыс басшысын «Байқоңыр» деген команда құруға көндірдік.
– «Байқоңырды» біз айтайық. Кілең ауылдыңбалалары. Шоқан Абзалы қандай! Елжас Сарыбайы қандай! Өркен Мақаны қандай! Ерболат Рүстемі қандай!
– Құрамынтүгел хабарлайын дедің ғой. Бапкер Ерлан Шойтымовқа да Алла риза болсын! Талайжігіттің жолын ашты. Әлі де ел футболына еңбек етеді. Шын мәнінде тәжірибесіенді толысып келеді. Ашығына келсек, сол «Байқоңырға» көп қаржы да кетпейді.Өзіміздің балалар. Бірінші лигадағы мықтылардың мысын басады кейде. Ұпай алады.Ұтып кетеді, тең түседі.
– Өзге өңірлер осыны неге қолға алмайды екен?
– Мәселесонда ғой. Кез келген басшы, жалпы, халықтың денсаулығын ойлауы тиіс. Алденсаулық кепілі, ең алдымен, дене тәрбиесі. Дәл қазір сәл қиын тиіп тұрғаншығар. Бірақ кез келген облыста тым болмаса балалар мен жастар спортын дамытуғамүмкіндік бар ғой. Тек соған жүрегі сыздайтын, жаны ашитын маман қажет.
– Әзірше 52 лицензия ұстапотырмыз. Токио олимпиадасы өте ме, жоқ па, ол уақыт еншісіндегі дүние. Қазіргікезде келесі жылға белгіленді. –---– Елу екіге тағы қосылатын болар, өйткені кейбіріріктеу сындары өтпей қалды. Дегенмен осының алдындағы Азия ойындарына талдаужасадық па? Кемшілікті көрдік пе? Артық тұсын екшедік пе? Маған осы жағымаңызды. Рас, олимпиада ойындарындағы нәтижелер, жалпы, спорттың дамуына өлшемшығар. Медальға жұмыс істеуіміз керек. Бірақ оны кімдер алады, қалай алды дегенсауалдар да өзекті. Көп көптігін жасайды. Балаларды дұрыс іріктеп, жағдайларынұйымдастырып, білікті мамандардың қолына тапсырайықшы, бірнеше жылда түлеп салабереді. Оны өз тәжірибемнен жақсы білемін. Бізде күмән басым. Ақсап тұрғандайкөрінеді. Тағы бірер олимпиадада баяғы қарқынмен біраз жерге барамыз. Сосын,тоқтап қалмаймыз ба? Мені осы сұрақ көбірек мазалайды. Нақты айт дейтіншығарсың, тағы сол – бір жүйенің болуы тиіс деген ойға тоқтаймыз. Жүйегенегізделген жұмыс – кез келген табыстың кілті. Қолынан іс келетін азаматтарбар. Соларды ортақ мүддеге жұмылдыру керек. Бұл енді билікке тиесілі шаруа.
Әңгімелескен Амангелді СЕЙІТХАН