Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қыза бастады

Жаңа жыл қарсаңында Райымбек аудандық маслихатының депудаттығына үміткер Ерлан Құдабаев пен Нұрбақыт Шакенов Сүмбе бастауыш Партия Ұйымы мүшелерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ, кандидаттар Қызылшекара мен Нарынқол ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын барынша түсіндірді.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының алдымыздағы 5 жылда атқарылатын жұмыс жоспары, яғни 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламалары түсіндіріліп, қысқаша таныстырылды.
Баршаңыз білетіндей, өткен 2020 жыл біз үшін үлкен сынақ кезеңі болды. Короновирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқа жағынан қарауға мәжбүр болдық және еліміздің басты құндылығы – адам өмірі мен оның денсаулығы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Еліміз әлемнің басқа елдері сияқты шекті мерзімді карантинге және де шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтмасыз ету үшін жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданды өмір сүру үшін қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш жішерін салады. Аудандық маслихат депудаттығына үміткер Е.Құдабаев пен Н.Шакенов сайлауалды бағдарламаларын таныстыру үшін ауданның шетінде орын тепкен Сүмбе ауылдық округіне ат басын бұрды. Ресми шараның басын Ерлан Әкімбайұлы ашып жүргізіп отырды.
Түсіндірме жұмыстары кезінде үміткерлер ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген күпті мәселелерге баса назар аударды. Жергілікті тұрғындар ауылдағы тұралап қалған бірқатар жұмыс орындарының бар екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, үміткерлер ауылдық жердегі халық игілігі үшін атқарылар жұмыстардың аз болмайтынын сөз барысында баса айтты. Сүмбе ауылының тұрғыны, кезінде ұстаздық жолды жанына серік еткен, талай жыл білім ордасының тізгінін ұстап, мыңдаған шәкірттердің сапалы білім алу мен қанатының қатаюына сүбелі үлесін қосқан Талғат Есентаев сөз алып, келе жатқан саяси науқанның ел болшағы үшін маңызы зор екендігін жеткізді. Тұрғындар тарапынан ауылда алдағы уақытта кәсіпорындар бой көтеріп, тұралап қалған кейбір істер, анығын айтқанда малдың терісі, қойдың жүні тәрізді өзекті мәселелер өз шешімін тапса деген сенімін білдірді. Аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Сүмбе ауылының тұрғындарын алдағы сайлауда белсенділік танытып, ел болшағы үшін Nur Otan»партиясына дауыс беруге шақырды.
Сонымен қатар, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарымен Қызылшекара ауылында болып қайтты. Жиында ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрсын Нүсіп сөз алып, ауылдағы ауылшаруашылық жұмыстарын өркендету керек екенін ерекше айтты. Қазіргі таңда буыны бекіп, қанаты қатайған жастарымыз қалаға қарай үдере көшуде, сол себепті осы істі бірінші кезекте болу керек деген тұрғындардың өтініш-тілектерін жеткізді. Жиында гидротехник Санақ Байларов ауылдағы су жүйесі проблемасын көтеріп, аталған мәселе бойынша аз-кем ойымен бөлісті. Жұршылықтың көкейінде жүрген кезек күттірмейтін ауыз су мәселесі тезірек өз шешімін тапса деген ойын жасырмады. Кездесу барысында одақ кезіндегі атақты механизатор болған, ортасына сыйлы да құрметті ардақты жан Гүлбара Бәйшебаева үміткерлерге халық саны 1800 адам болатын Қызылшекара ауылында әкімшілік ғимараты бой көтеріп, жеке ауылдық округ болсақ деген ауыл тұрғындарының атынан өзінің ниет-тілегін білдірді. Ауыл тұрғындарының талап-тілегін ескерген маслихат депудаттығына үміткер кандидаттар алдағы уақытта халықтың көкейінде жүрген проблемалар өз шешімін табады деп сенім білдірді.
Өткен тышқан жылы аудан үшін табысты болды деп сөз бастаған депутаттыққа үміткер Е.Құдабаев пен Н.Шакенов аудан орталығы Нарынқол ауылының тұрғындарымен жүздесті. Жиынға ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қанат Ахметов, аналар кеңесінің төрайымы Балжан Омарова, ауданның Құрметті азаматтары мен ауыл тұрғындары сайлаушылармен кездесті. Ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Қ.Ахметов сөз алып, ауыл тұрғындарын саяси науқанға барынша атсалысып, белсенді болуға шақырды. Алдағы сайлау ел болашағы үшін саяси маңыздылығы жоғары ресми шара. Нарынқол ауылында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аудан орталығында қаншама жұмыс орындары аяқталды. 2025 жылға дейін таулы өлкедегі бірнеше іргелі істер аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, ауданға автобусты іске қосып, халықтың денсаулығын басты назарда ұстауымыз керек және де аудандағы 35 мың халықтың дауысы ештеңені шешпейді, сол себепті аудан атына кір келтірмей, баршаңызды халқымыз аз боласа да бірлігімізден ажырамай, бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығара біліп, саяси науқан уақытында аталмыш партияға болашақ ұрпақ үшін дауыс беруге шақырамын- деп кандидаттар өз ойларымен бөлісті.