Сәкен мен Тұрар сатқын емес

Соңғы кездері ел тарихына қатысты, елдің шекарасыншегендеп, ұлт мүддесін қорғау жолында басын өлімге тіккен азаматтар төңірегінденешетүрлі пікірлер айтыла бастады.
Жалпыосы әңгіме қазаққа қажет пе еді? Қазір«тәуелсіздігімізді қалай баянды етеміз, болашағымыз қалай болады?» дегеналаңкөңілде өмір сүріп жатқан тұста тарихтызерттеп жүрген кейбір ғалымдардың ойлары ұлт арасына іріткі салатындай, жасұрпақтың жанына қаяу түсіретіндей көрінеді. Белгілі кинорежиссер ЕркінРақышевтің ойсалар мақаласы да осы төңіректе өрбиді. Біздің мақсатымыз – біреудіақтау, біреуді даттау емес. Көздегеніміз – тарихымызды талқандауға жол бермеу,көрші елдерге күлкі болмау, болашағымыздың баянды болуын қамтамасыз етугесептігімізді тигізу. Бұл төңіректе қосымша айтар ой-пікіріңіз болса, «Жас Алашқа» жолдауыңызға болады.
Соңғы уақыттаТұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді, тағы басқа тұлғаларымызды сатқын болғандеп, оларды Алаш қайраткерлеріне қарсы қойып, халық арасына іріткі салатынүрдіс үдейе түсуде. Осылай халықтың тұтастығына сына қағып, жұртты екіге бөліпжүргендердің басында Тұрсын Жұртбай мен Сұлтанхан Аққұлұлы тұр. Алаштанушы осыекі тарихшының біріншісінің негізгі мамандығы – филолог, екіншісі – журналист.Содан болса керек, архивтен бір құжат тауып алса, оны тарихи дерек пен көркемшығармамен шатастырып алып, өздерінше жаңалық ашып, елді шулатып жүргені.
Сұлтанханғақайраткерлерімізді бір-біріне қарсы қоймай, одан да Алашты дұрыстап зерттеп,тыныш жүрмейсің бе деп айтқанмын. Ол сонда да Рысқұлов пен Сейфуллинді қаралап,оларды Алаш қайраткерлеріне жау қылып көрсеткенін қояр емес. Бірақ өзініңӘлихан Бөкейханов туралы шығарған 15 томдығының ішінде жалған мәліметтер менұрланған жазбалар өріп жүр. Щербина экспедициясының бүкіл еңбегін сол бойыкөшіріп алып, Бөкейхановтың жазғандары деп шығара салған. Сонда Алаштың көсеміндәріптеймін деп, оны өтірікші қылып отырғанын түсінбей ме? Тұрар мен Сәкенніңартына шам алып түскенше, одан да алаштықтарды дұрыстап зерттемей ме? Ендіүкіметтен миллиондаған қаражат алып шығарған сол кітаптарын өңдеп, дұрыстапжазып, өз ақшасына шығарсын. Әйтпесе алған ақшасын қайтартып, өзін жауапқатартуға тура келеді.
Қайраткерлеріміздібір-біріне қарсы қоюды кәсіп еткен Сұлтанхан Лубянканың түрмесінде тергеудежатқан Нәзір Төреқұлов Тұрар Рысқұловтың бетінен шапалақпен ұрып, оны далағасүйреп шығарып тастады деп жазады. Мұнысы енді жай өтірік емес, адамның ақылынасыймайтын жала. Бұдан басқа да, Бөкейханов айтқан деп, Рысқұловқа жаппаған жаласыжоқ. Сәкенді де жау қылып көрсеткісі келіп алдына жан салмауда. Сонда СұлтанханАққұлұлының көздеген мақсаты не?
Тұрсын Жұртбайболса 1920 жылдың тамызында Әлихан Бөкейхан қазақ жерінің шекарасын Ленинніңалдына барып, оның көзін шұқып тұрып дәлелдеп көрсеткен, Қазақ Республикасыныңнегізін қалаған деп бөседі. Бірақ тарихи деректер Әлихан Бөкейхановтың ешқашаншекара мәселесімен Лениннің алдына бармағанын көрсетеді. Оған академик СалықЗимановтың, тарихшылар Серікбай Бейсембаевтың, Дина Аманжолованың, СәбитШілдебайдың еңбектерінен, тарихи құжаттардан көз жеткізуге болады.
Жер мәселесіжөнінде Ленинмен кездескен қайраткерлер туралы айтатын болсақ, ол делегацияныҚазревкомның төрағасы С.Пестковский мен Әліби Жангелдин бастап барған.Делегация құрамында Ахмет Байтұрсынов пен Әлімхан Ермеков те болған. Ермековбаяндама жасаған. Бірақ Жұртбай делегация құрамында Мұхамедхафи Мырзағалиев,Әлиасқар Әлібеков, Досғұл Темірәлиев, Итбаев пен Оразаев сияқты қазақтардыңболғанын айтпай, ол жерде мүлде болмаған Әлихан Бөкейхановты сол делегацияныңбасшысы болған деп, жалған ақпарат таратады. Сонда бүкіл қазақ қайраткерлерініңжер туралы бірігіп жасаған еңбегін тек Алашордаға таңу Тұрсын Жұртбайға не үшінкерек болды? Не үшін тарихи фактілерді алмастырып, елді әдейі шатастырып отыр?Мұндай өтірік мақтау-мадақтауларға Әлихан Бөкейханов мұқтаж емес. Тарихифактілерді бұлай бұрмалау Алаш көсемінің абыройын түсірмесе, беделін көтермейді.
СұлтанханАққұлұлы мен Тұрсын Жұртбайдың кейбір жасап жүрген іс-әрекеттеріне қарап, бұлартарихты ұлыларымызды ұлықтау үшін емес, докторлық диссертация қорғау үшін, қарабастарының қамы үшін зерттеп жүрген сияқты деген ойға қаласың.
Жазба демеймін,жазыңдар, бірақ өтірік жазбаңдар, кейбір қайраткерлерімізді біржақтықараламаңдар. Қазақ қайраткерлерінің ішінде ең жоғары қызметте – Совнаркомтөрағасының орынбасары болған Рысқұловты Алаш көсемі Бөкейхановқа қарсықоймаңдар. Өздеріңнің арам ойларыңды тарихта «әділеттілік» болу керек депжасырғыларың келеді. Егер әділ болсаңдар, неге Рысқұлов алаштықтардың үстіненСталинге хат жазды деп жазасыңдар да, Рысқұлов пен Қожанов екеуінің 1922 жылыСталинге хат жазып, Бөкейхановты түрмеден шығарып алғанын неге жазбайсыңдар? Олфактіні білмесеңдер, менің Рысқұлов жайлы деректі киномнан көрулеріңе болады.Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің: «Егер біз тырнақ астынан кір іздейтін болсақ,барлық қайраткерлеріміздің бойынан қателік табуға болады, онда қазақта бірде-біртұлға қалмайды», – деп айтқан сөзі бар еді.
Иә, Сәкен менТұрар, Бейімбет пен Темірбек Кеңес өкіметін, большевиктерді қолдады. Ал алашордалықтарқазақтың ата жауы – ақ казактар мен Колчакты қолдады. Арыстарымыздың арасындапікір қайшылықтары болғанымен, олардың мақсат-мүддесі бір еді. Ол ұлттыңмүддесі, қазақтың тәуелсіздігі, болашағы болатын. Сол үшін біреуінікі дұрыс,екіншісінікі қате деп, оларды жазғыруға бола ма? Большевиктер қатарына өткенқайраткерлеріміз қазақ халқына жау болған жоқ. Ақ гвардияшылар жеңілген соң,оларды қолдаған алаштықтар да компартия қатарына өтіп, ұлтқа қызмет етті.
Кешегіалашордашылар мен компартияда болған қазақ қайраткерлерін бір-біріне қарсықойып, айдап салған Мәскеудің, ОГПУ органдарының жымысқы саясаты болатын. Алашордашылболсын, большевик болсын қазақ қайраткерлері түгелдей орталықтың отарлықсаясатының құрбаны болды. Олар еліміздің тәуелсіздігі жолында күресіп, жандарынпида етті. Кейбір тарихшылардың қайраткерлеріміздің ішінен жау іздеп жүргенікешегі патша өкіметінің «бөліп ал да, билей бер» деген саясатының жемісі. Құлдықсанадан арыла алмай жүргендерінің көрінісі.
Тарихи құжаттыңақ-қарасын ажыратуға өресі жетпей жүрген кәсіби емес тарихшыларға айтарым,академик Манаш Қозыбаевтан үйреніңдер. Тарихтың талай ақтаңдағын ашқан ағамызосыдан 26 жыл бұрын «Алашорданың басынан аяғына дейін жүргізген саясаты дұрыседі, Сәкендердікі қате еді деп айтуға болмайды. Егер атаман Анненков орыс-қазағынқырып, әйелін қорлап, қызын зорлап, малын талап жатса, ал алашордалықтар осыАнненков пен Колчакты қолдап, онымен бірлесіп жатса, Торғайда халық батыры Амангелді Имановты өлім жазасынакесіп жатса, сонда Колчактың азап вагонында отырған Сәкен Алашты не үшін аялауы керек?» деп жазып, осыдаулы мәселеге нүкте қойған. Ең болмаса бүгінгі Тарих институтының кәсібитарихшыларының жазған еңбектерін оқыңдар. Өмірлерін архивтерде өткізіп жүргенолар неге қайраткерлеріміздің арасынан сендер сияқты «сатқын» іздемейді? Жоқәлде сен екеуің ғана білгішсіңдер ме? Керісінше, екеуің ғана бүкіл тарихтыбұрмалап, қазақ қоғамын екіге бөлумен келесіңдер.
Енді сендергеЕлдос Тоқтарбай деген тарихшысымақ шәкірттерің қосылыпты. Әнеугүні «әділдігінайту керек, қуғын-сүргін жылдары атылған 25 мың адам бірін-бірі сатқан» депбөсіп отыр. Өз ұлтын осыншама жек көруге бола ма? Бүкіл қазаққа жала жапқанша,әділдік іздесең, жауыз Сталин 3-4 миллион қазақты аштан қатырғаны аздай, ұлттыңбеткеұстар 25 мың азаматын атып тастады,130 мың жазықсыз бауырымызды Сібірге түрмеге айдап, олардың көбін сол жақтаөлтірді деп жазбайсың ба? Қазақтардың қырылып қалғанына Ресейдің қазақ ұлтынжоюға бағытталған саясаты кінәлі деп айтпайсың ба? Бұлай айтпайтын себебің –Ресейдің қайраткерлерімізге қатысты тарихты бұрмалап, «бар бәлені қазақтардыңөзіне жаба салу керек, оны топастар мен өз ұлтының сатқындары арқылы жүзегеасыру керек» деген құпия қаулысын білмейсің. Бірақ тарихи деректерді бұрмалап,кейбір қайраткерлерімізге әдейі жала жауып, «сатқын» жасағыларың келеді.Өздерің арыстарымыздың ұлтқа сіңірген еңбектерінің 1 пайызын да жасайалмадыңдар. Бірақ шетінен батырсыңдар.
Мен тарихшыемеспін, бірақ «Ашаршылық», «Тұрар Рысқұлов», «Темірбек Жүргенов» деректікиноларын түсіріп жүрген жылдары көптеген архивтерде болдым. Көптеген құпияқұжаттар, оның ішінде Алаш қайраткерлерінің тергеу барысында берген жауаптарынкөрдім. Бірақ кейбір тарихшысымақтар сияқты қайраткерлерімізге жала жауып, олартуралы жаман сөз айтпаймын. Себебі ол жауаптардың қандай жолмен алынғанынбілемін. Сол қуғын-сүргін жылдары Мәскеудегі Суханов түрмесінде азаптау менқинаудың 52 түрін қолдану құпия бұйрықпен бекітілген. Кейіннен оны барлықтүрмелерде қолданған. Жауыздар арыстарымызды жантүршігерлік, адамның айтуғааузы бармайтын айуандықпен азаптап қорлаған. Сәкенмен кездесуге түрмеге барғанжары Гүлбаһрам күйеуін танымаған. Жауыздар қайраткер ақынымызды адам танымастайұрып, тістерін түсіріп, бір көзін шығарып тастаған. Рысқұловтың қабырғаларынсындырып, 17 жастағы баласы Ескендірдің көзінше тырнағының астына ине тығыпқинаған. Егер Рысқұлов пен Сейфуллин сатқын болса, оларды осындай азаптауларғасалар ма еді? Мағжанды қол-аяғын пешке күйдіріп, атар ма еді?
Сондықтанарыстарымыздың, Алаш қайраткерлерінің тергеу барысында берген жауаптарындабіреуді сатқан деп қол қойылған болса, оған тек сол кездегі Кеңес өкіметініңбилігі кінәлі. Жауыздар қайраткерлерімізді ұрып-соғып, қол-аяқтарын сындырыпқинағаны аздай, Германиядан психотропты дәрілер алып, укол салып азаптаған.Мұндай азаптаулардан қайраткерлеріміз ақыл-есінен айырылып, не айтып, неқойғандарын білмеген. Сталиндік жендеттердің, НКВД-ның ойлап тапқан айуандықазаптау әдісіне адам баласының шыдауы мүмкін емес еді.
Тарихи шындықашылуы керек, әділдік үстем құруы керек деп, өздерінше патриот болыпжүргендерге, тарихшысымақтарға айтарым, қайраткерлеріміздің «мен Жапонныңтыңшысы болғанмын, Германияның шпионы болғанмын» деген жазбаларын, бір-бірінқаралап, сатқын деп қол қойғандарын қалай ажыратасың? Оған қолды өз еркіменқойды ма, жоқ әлде жауыз жендеттер ұрып-соғып, есінен адастырып қойғызды ма,осыны қалай анықтайсың? Сол үшін кеуделеріңді ұра бермей, байқап сөйлеңдер.
Сондықтанқайраткерлеріміздің, мейлі ол алашордашыл болсын, большевик болсын, тергеубарысында берген жауаптарын, тергеу материалдарын тарихи дерек ретіндепайдалануға болмайды. Себебі тағы да айтамын, барлық тұтқындалғанқайраткерлерімізге құжатқа қолды НКВД зорлықпен, қинап, күшпен қойдырған. Бұлөте маңызды. Осыны жас тарихшылар естерінен шығармауы керек. Оларға айтарым,кейбір тарихты оқымаған ағаларың сияқты «ойбай, ана қайраткер ананы сатқанекен, мына қайраткерді батыр деп жүрсек, оның жаласынан кейін біреулер жазықсызсотталған екен» деп, жұртқа жар салмай, алдымен сол қайраткерлеріміздің елгежасаған еңбегін бойларыңа толық сіңіріп алыңдар.
СұлтанханАққұлұлы мен Тұрсын Жұртбайға, тағы да басқа сенсация қуып жүрген тарихшыларғаайтарым, тарихтан әділдік іздегенсіп, онсыз да біріге алмай жүрген халықтыңарасына іріткі салмаңдар. Егер сондай әділетшіл болсаңдар, бүгінгі биліктіңхалыққа жасап отырған қиянаты мен әділетсіздігін айтыңдар. Қиналып жүргенхалыққа араша түсіп, соның мұн-мұқтажын жоқтап, мүддесін қорғаңдар. Ұлт болып,мемлекет болып қалуды ойлаңдар. Олай жасай алмасаңдар, тәуелсіздік үшінбастарын бәйгеге тігіп күрескен, сол жолда құрбан болған қайраткерлеріміздің аруақтарынмазаламай, халықты шатастырмай тыныш жүріңдер. Аман болайық, ағайын! Арыстарымызды ардақтап, бағалайбілейік.
ЕркінРАҚЫШЕВ,
кинорежиссер