Оқиғалар

Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама нәтижелері оқылды

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша  өтіп жатқан сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама нәтижелері оқылды.

а

Жәбірленуші тарап, Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің адвокаттары бірнеше дене жарақатымен өлтірілген қыздың денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды.  

Салтанат Нүкенованың өліміне оның бас сүйек-ми жарақатын алуы себеп болған. Тізімде келтірілген жарақаттар жәбірленушінің бас аймағына шамамен 12-13 рет қайталанған шок-травматикалық соққы болғанын көрсетеді. Нүкенова басынан алған соққыда жұдырық және аяқ соққылары болғаны көрінеді.

Нүкенова бас сүйек-ми жарақатын алғаннан кейін шамамен 6-8 сағаттан соң қайтыс болды, бұл гистологиялық сараптама нәтижелерімен расталды. Өлім бас миының қысылуынан, субдуральды гематомадан және жабық бас сүйек-ми жарақатының салдарынан пайда болған ісінуден болған", - делінген қорытындыда. 

Сараптамада сонымен қатар, мойындағы қанталаған басқа жарақаттар болғанын және қылқындыру әрекеттері болуы мүмкін екені айтылған. 

Фото: Kursiv.media

Nurbike Beksultan
Nurbike Beksultan Nurbike Beksultan

Оқыңыз