Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:47, 26 Қазан 2022

Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан өңірлеріне сайлауалды сапарын бастады

None
None

ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары бойынша өңірлерге сапарын бастады.

Штабтың алғашқы аялдамасы – Қарағанды қаласы болды. 

Кандидат Қарағанды қаласында құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүгедектердің, сотталғандардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауға атсалысып жүрген түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Жиынға халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар да қатысты.

Салтанат Тұрсынбекова өзінің сайлауалды бағдарламасында 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған азаматтардың зейнеткерлік жасын 58-ге дейін қысқартуды, ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін (зейнетақы жинақтары, жәрдемақылар және шәкіртақы) арттыруды енгізгенін айтты. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді шараларды қабылдау сынды маңызды жұмыстар да бар.

Тегтер: