Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 15 Қаңтар 2024

Самат Әбіштің ісі сотқа жолданды

самат әбіш
Фото: из открытых источников

Тергеу қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша жүргізілген.

Ол бүгінде Қазақстаннан ешқайда шықпау жөнінде қолхатпен жүр. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер болғандықтан, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияға жатпайтыны хабарланады.

Айта кетейік, Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 19 қыркүйекте Самат Әбішке қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланды. Ол билік өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен тергеліп жатқан болатын.