Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
02:58, 11 Қараша 2018

Samsung «Шымбұлақ» тау курортында жаңаша ойын-сауық түрін ұсынды

Samsung Electronics  компаниясы мен   «Шымбұлақ»  тау курорты оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына, Shymbulak 360° жаңа нысандағы фуникулерлері түрінде, жағымды тосын сый жасады.
Қолданыстағы кабиналарға қарағанда, жан-жақты ашық  шолу кабинасы жолаушыларға алуан түрлі эмоциалар мен екі еселенген адреналин сезімдерін сыйлайды. Кабинадағы мөлдір қабатты еденнің арқасында, көркем шатқалдың үстінен жүзіп бара жатқандағыдай керемет сезімдерге бөленесің!Шетелдердегі атышулы аттракциондар, мысалы,  Чжанцзяцзе ұлттық саябағы мен Қытайдағы Хунань провинциясындағы бас айналдырар биіктікте орналасқан, шыныдан жасалған аспалы көпірлер бүкіл әлемдегі туристерді қызықтырады, ал олардың бейнебаяндары әлеуметтік желілерде кең ауқымда таралуда. Енді мұндай ойын-сауық түрі қазақстандықтарға да қолжетімді.Samsung компаниясы курортқа келушілердің бос уақыттарын жағымды әсерлермен толықтыру мақсатында, Shymbulak 360° аттракционын ұйымдастыру үшін «Шымбұлақ» әкімшілігіне жан-жақты қолдау көрсетті..Samsung компаниясының президенті  Ун Чол Юн мырза: «Samsung барлық кеңістіктерде, ол – үй жағдайында, не қала көшелері немесе табиғат аясында болсын, инновациялық идеяларымен адамдарға жарқын әсерлер сыйлауға тырысады. Шолу кабиналары алматылықтар үшін міндетті түрде сүйікті ойын-сауық орталығы болады, ал туристер үшін естен кетпес қызықты саяхатқа айналмақ», — деді.Арнайы фуникулерларға «Медеу-Шымбұлақ» арқан жолы секциясында отыруға болады. Билеттер курорт әкімшілігі белгілеген арнайы тарифтер бойынша сатылымда болады. 
Тегтер: