Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:55, 03 Қараша 2021

«Самұрық-Қазына» 55 лауазым ұсынды

None
None

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компаниялар тобы бос жұмыс орындар  жәрмеңкесіне қатысып, білікті жастарды қызықтыратын лауазымдарды назарға салды», – деп хабарлайды «Жас Алаш» қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Басты айта кетерлігі, қорға қарасты компаниялардың бос жұмыс орындары жергілікті білімді жастарын ғана емес, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының да түлектерін қызықтырды.

Жалпы онлайн форматта өткен шараға «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Кcell» АҚ, «QazCloud» ЖШС, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті сияқты қорға қарасты компаниялар тобының білікті HR-мамандары қатысып, жастарға осы компанияларда жұмыс істеу қандай мүмкіндік беретінін, мансап бойынша қалай жетіліп, қандай зор тәжірибе жинауға болатынын айтты.

«Біз үшін осындай іс-шараларға қатысу өте маңызды. Өйткені кәсіби біліктілігі жоғары және ынтасы зор команда ғана қордың, оған қарасты портфельдік компаниялардың орнықты дамуына кепіл бола алады. Ең бастысы, бүгін ұсынылған бос жұмыс орындары «Болашақ» бағдарламасының және басқа да білім беру бағдарламаларының түлектеріне қызықты болады деп үміттенеміз, – деген «Самұрық-Қазына» АҚ Инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Лаура Демесінова жастарды барынша белсенді болуға, бос жұмыс орындарына үн қатуға шақырды.

Айта кетсек, дәл қазір қорға қарасті ірі компанияларда біраз лауазым бос тұр. Атап айтсақ, «Қазпошта» АҚ-да 30 лауазым, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 8 лауазым, ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да 5 лауазым үміткерлердің түйіндемесін қарастыруға дайын. Ал бүгінгі бос орындар жәрмеңкесінде 7 компаниядан барлығы 55 бос жұмыс орны туралы ақпарат түскен.

Шараға қатысқандар арасынан сөз алып, жастарға жігер берген «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Бексұлтан Бекмұратов жәрмеңкеге келген барлық жастарға алғыс айтты. Ал өз кезегінде «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Әлішер Дүнгенин мұндай шаралар шетелде білім алған қазақстандық студенттерді елге оралуға ынталандырып, зор мүмкіндіктерге жол ашатынына сенім білдірді.

Еске салсақ, жуырдан бері «Самұрық-Қазына» қорына қарасты 170-тен астам компания өздеріндегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратты Samruk Qyzmet порталына да жариялай алады.

Тегтер: