Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:11, 21 Қараша 2020

Сапалы жарыққа қосылды

None
None

Шымкентте Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елді мекендеріндегі 15 мыңға жуық тұрғын сапалы электр желісіне қосылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған шағынаудандарда 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді.

Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елдімекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр.

Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елдімекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.

Тегтер: