14:21, 25 Сәуір 2022
Сарбаздың өлімі: Тоқаев шынайы себебін анықтауды тапсырды
Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек.
Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.
Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.
Маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күн өткенде қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиға Жамбыл облысы Қордайда болған. 22 сәуірде Мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әлібек Қалбай Гвардейский кентіндегі қалалық типтегі әскери ауруханада қайтыс болған.