Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:58, 25 Мамыр 2020

Сардоба су апаты: Өзбекстанда екі күдікті қамалды

None
None

Өзбекстанда Сардоба су қоймасының жарылуы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында екі күдікті қамалды.

Бұл туралы Өзбекстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Билік іске қатысты өзге ақпарат жариялаған жоқ. Қылмыстық істі елдің бас прокуратурасы жүргізіп жатыр.

1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасы жарылып, салдарынан ондаған елді мекенді су алып, 70 мыңға жуық адам үйін тастап көшуге мәжбүр болды. Ресми дерек бойынша, апаттан төрт адамға қаза тауып, 56 адам жарақат алған.

Өзбекстандағы бұл апаттан Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы алты ауыл зардап шекті. Көлденең келген апаттан мыңнан астам тұрғын үй, үш мектеп, бес балабақша, бірнеше медицина мекемесі мен мәдениет үйі бүлінді. Су алған аймақта тұратын 31 мыңнан астам адам үй-мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: Топан су, бас сауғалаған жұрт һәм шіріген мал. Мақтааралда не болды?

Өзбекстан билігі 3 мамырда бөгеттің бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: