Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:36, 19 Тамыз 2020

Сауалдарға әлеуметтік желі арқылы жауап берілуде

Шымкент қаласында қаңтар-маусым айында еңбекинспекция және көші-қон басқармасына 581 азаматтан арыз-шағым келіп түскен.

Басқарма мамандарының тексеру жүргізунәтижесінде 146 заңбұзушылық анықталып, оның 96-ы жойылды. Оларға 67 нұсқамаберіліп, 1,8 миллион теңгеге 22 әкімшілік айыппұл салынған.

Қазіргі таңда, 6 кәсіпорында 38 жұмыскердіңжалақы бойынша

3,8 млн.теңге берешегі бар екенін анықтады.Аталған мекеме жетекшілеріне ұйғарымдар шығарып,  қарыздарды өтеу бойынша тиісті жұмыстаржүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде ағымдағыжылдың 16 наурызынан бастап азаматтардың 121 өтініші қаралған.

Сонымен қатар,  қала әкімдігінің тәулік бойы қызметкөрсететін біріңғай байланыс (cаll-center) орталығына 425 жеке және заңдытұлғалардан қоңыраулар келіп түскен. Олардың бірі еңбек демалысына шығуғамәжбүр ету, қысқартулар жөнінде сауал қойса, кейбірі жұмыстан босату сындымәселелерімен хабарласқан.

Одан өзге басқарма мәліметіне сәйкес, халықпен билік арасындағы ашықтықты сақтау мақсатында басқармабасшысымен бүгінгі күнге дейін әлеуметтік желілерде 27 тікелей эфир өткен. Ондаүш жүзден аса оқырманның сұрақтарына жауап берілген.

Тегтер: