Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:23, 21 Желтоқсан 2023

Саусақ іздерін кім тапсыруы керек: Сенат заңды мақұлдады

сенат
Фото: из открытых источников

Сенат депутаттары "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда мақұлдады.

Дактилоскопиялық тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Депутаттар заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

"Заңмен енгізілген маңызды жаңашылдықтың бірі – дактилоскопиялық тіркеу туралы ережелер. Мысалы, "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңның 2-тарауында Қазақстан азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайда Қазақстан азаматтарын міндетті дактилоскопиялық тіркеу туралы нормалар белгіленген болатын. "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңның 39-бабымен 2-тараудың қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған", - деп жазылған заңның қорытындысында.

Енді Заңда Қазақстан азаматтарына қатысты жоғарыда көрсетілген ережелер алынып тасталады және Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. 

"Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заңда белгіленген жағдайларда 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алуға Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға жеке өзінің жүгіну талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны басқа адамдарға берілген сенімхат негізінде нақты орналасқан жері бойынша жасай алатын", - деп жазылған заңның қорытысында.