Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 07 Желтоқсан 2023

Сегізінші сынып оқушысы мектепте оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады

Брянск
Фото: из открытых источников

Брянск қаласындағы мектептердің бірінде сегізінші сынып оқушысы сабақта оқ атып, қайғылы оқиға орын алды. Оқиға салдарынан екі адам, соның ішінде оқ атқан адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды, деп жазды Zhasalash.kz

Атыс 14 жасар қыздың әкесіне тиесілі 16 калибрлі Бекас-3 аңшы мылтығы арқылы жасалған.

Mash  хабарлауынша, шабуыл кезінде балалар партаның астына тығылмақ болған, ал мұғалімдер оқушыны тыныштандыруға тырысқан, бірақ нәтиже болмаған. Телеарна сегізінші сынып оқушысын мектепте бастауыш сыныптан бері қорқытуы мүмкін екенін, қайғылы оқиғаның бір себебі осы болуы мүмкін деп хабарлайды.

Жараланған төрт адамның біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаға байланысты мектеп қоршауға алынып, барлық оқушылар үйлеріне жіберілді. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасуда.