Семейдегі Жеңіс алаңынан Мәншүк Мәметованың даулы ескерткішін алып тастады
Семей қаласындағы Жеңіс саябағынан екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметоваға қойылған ағаш ескерткішті алып тастады.
Бұл туралы бүгін, 4 қарашада Азаттыққа Семей әкімдігінің баспасөз хатшысы Роллан Кемербаев хабарлады.
"Сарбаз қыздың бейнесіндегі ескерткіш көптің талқысына түсті. Ұлы Отан соғысының (Екінші дүниежүзілік соғыс – ред.) тақырыбы мен материалы, сондай-ақ ескерткішті жасау техникасы жобаны әзірлеу кезінде ескерілмеген сияқты. Композиция басқа жерге – қалалық білім бөлімі белгілеген орынға көшіріледі" деп хабарлады әкімдік.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Семейде Мәншүк Мәметоваға қойылған ескерткіштің суретін жариялаған қолданушылар оны сынға алған.
"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c = 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState = «uninitialized» || d.readyState = «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);Әкімдік баспасөз хатшысы Роллан Кемербаевтың сөзінше, ескерткіш жеке кәсіпкерлер қаржысына жасалған.
— Ескерткішті Мәншүк Мәметова деп жасаған. Сәтсіз шыққан. Мойындаймыз. Алынып тасталды. Мұндай бастаманы кәсіпкерлердің өздері көтерген, — деді Кемербаев Азаттыққа.
Ескерткішке қанша қаржы жұмсалғаны туралы сұраққа әкімдік өкілі "білмеймін" деп жауап берді.
Сынға қалған ескерткішті Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласынан келген ерлі-зайыпты мүсіншілер – Иван және Юлия Куртуновтар жасаған. Әкімдік саябақтағы шіріген ағаштарды ескерткішке айналдыруға рұқсат бергенін айтады.
Юлия Куртунова жергілікті Arnapress.kz басылымына берген сұхбатында ескерткіш қою — Семей әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасы деп айтқан.
"Ағаш ескерткіш жасату үшін бізді осында шақырды" деген ол.
Мәншүк Мәметова – екінші дүниежүзілік соғыста "Совет одағының батыры" атағына ие болған алғашқы қазақ қызы. Ол 1943 жылы 21 жасында Ресейдің Невель қаласын азат ету кезінде қаза тапқан.