Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:59, 02 Мамыр 2020

Сенат төрайымы Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды

None
None

Президент жарлығымен парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды.

Бұл туралы 2 мамырда түс кезінде Ақорда сайты хабарлады. Хабарламада бұдан басқа ақпарат айтылмайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Назарбаеваға "сенат төрайымы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін" алғыс білдірді.

Қазақстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева елді отыз жылға жуық билеген әкесі былтыр наурыз айында отставкаға кеткеннен кейін мемлекеттік билік иерархиясында президенттен кейінгі екінші лауазым — сенат төрағасы қызметіне отырған еді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы парламенттің жоғарғы палатасына 2016 жылы өткен. Оны депутат етіп сол кезде президент қызметінде отырған әкесі тағайындаған. Назарбаевтың қызын сенат депутаты етіп тағайындауын "болашаққа қамданып жатыр" деп бағалағандар да табылған. Конституцияға сәйкес, президент қайтыс болған немесе қызметінен бас тартқан жағдайда оның қызмет өкілеті мерзімі аяқталғанша сенат төрағасына өтеді.

Былтыр Назарбаева сенат төрайымы ретінде тағайындалған кезде мұндай болжамдар көбейген.

Назарбаеваның сенат депутаты ретінде өкілеті тоқтауының себебі әзірге белгісіз.

Дариға Назарбаеваның саяси мансабы Фотогалерея

Дариға Назарбаеваның саяси мансабы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева әкесі қызметтен кеткен соң іле-шала парламент сенатының спикеріне айналды. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған Назарбаева содан бері үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, кейін ол ұйым әкесі басқаратын билік партиясымен қосылып тынды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабының өсуі туралы фотогалерея ұсынады.

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер: