Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:53, 18 Тамыз 2020

«Сенбейміз»: АҚШ Ресей вакцинасына қарсы шықты Қазақстан тағы сынақ алаңына айнала ма?

      Ресей президентіВладимир Путин 12 тамыз күні Ресейде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинатіркелгенін жалпақ жұртқа жария етті.

«Гамалея орталығында жасалғанресейлік вакцинаның клиникалық сынақтары 18 маусымда басталды. 38 еріктініңқатысуымен алғашқы сынақтар вакцинаның қауіпсіз екенін растады, барлығындаинфекцияға иммунитет қалыптасты», – деді Ресей президенті. Тіпті Путин бұлвакцинаны  өз қыздарының бірі салдырыпкөргенін айтып, алдағы уақытта вакцинаны қолданысқа шығаратынын мәлімдеді. Осыарада біздің билік Ресейді әлем бойынша қауіпті індетке қарсы алғашқывакцинаның тіркелуімен құттықтап, «бұл Ресей ғалымдарының теңдессіз жетістігі» дегенбаға беріп те қойды.

                                              АҚШнеге қитықты?

      Негізінде, аталмыш вакцинаны жасарда ресмиМәскеу Вашингтонға коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша әріптестік ұсынысжасап, көмек сұраған. Алайда АҚШ одан бірден бас тартыпты. Орыс басылымдарының жазуынша, Ресей АҚШ-қа COVID-19-данемдейтін «Дыбыстан жылдам» атты екпені жылдамдатуға бағытталған жоба жіберген.Алайда АҚШ «ресейлік медицина жетістіктеріне жабық» екенін айтқан.

        Бұған қатысты ресейлік  шенеуніктер «Америка тарапынан Ресейге дегенсенімсіздік бар, осыған байланысты технологиялар, оның ішінде тестілеу мен вакцинаАҚШ-та қабылданбайды» дейді. Ал АҚШ-тыңденсаулық сақтау саласындағы шенеуніктері «АҚШ ресейлік вакцинаны адам тұрмақ,маймылға да сынап көрмейді» деп мәлімдеді.

      Ресейлік шенеуніктер Мәскеудіңвакцина туралы ақпаратты бөлісуге дайын екенін айтып, Вашингтондыойлануға, саясат екі ел тұрғындарының өмірін құтқаруға кедергі болмауыкерек деп шақырса да, ахуал осылай өрбіді. Пайымдасақ, мұның астарында әуелден қалыптасқан гәп барекен. Сарапшылар «Ресей коронавирусқа қарсывакцина жасау жолында «әлемдік жарыста озамыз» деп,  сынақты асығыс өткізіп жіберді» деп санайды.

      Бұл ретте, «Жас Алашқа» пікірбілдірген экономика ғылымының докторы,профессор Жұмаділда Баяхметовбылай дейді:

    – Ресейдевакцина ұлттық эпидемиология және микробиология орталығы – Николай Гамалеяатындағы институттың қадағалауымен, мемлекеттің қаржыландыруымен әзірленді.Вакцинаға «Спутник V»деген атау берді. Ресей мемлекеттік тікелей инвестицияқорының басшысы Кирилл Дмитриев вакцинаның жасалуын «спутник ұшыру сәті» депсипаттады. Сол арқылы Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы қырғиқабақ соғыс кезіндегіғарыш үшін таласта Мәскеудің 1957 жылы алғаш болып «Спутник» жасанды жерсерігін ұшырғанын еске салды. Міне, АҚШ-тың вакцинаны алудан және зерттеуденбас тартуының бірінші себебі осы болды. Екінші, вакцина адамдарға үш кезеңдесыналуы керек. Ресей алдыңғы екі кезеңде азғана адамдар тобына сынақ жүргізіп,вакцинаның жағымсыз әсері жоқтығына, оның иммундық реакцияны іске қосатынынакөз жеткізді. Ал соңғы үшінші кезеңде вакцина мыңдаған адамға салынуыкерек.  Ресей осы үшінші кезеңде мыңдағанадамға сыналмаған вакцинаны «тіркелді» деп жариялап жіберді. Дегенмен 38 ғанаеріктіге салынған вакцинаны ресми тіркеу қисынсыз.

                                         Вакцинаныңқұны қанша?

       Жалпы, Ресей  коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 4-орындатұр. Осыдан болар, көрші ел тығырықтан шығудың жолын қарастырып, індетке қарсыекпе жасау үшін барын салды. Ресейдің ресми тұлғаларының өзі  елде 849 мың адамға жұғып, 14 мыңдай адамныңөмірін жалмаған вирусқа қарсы вакцинаның тым аз уақытта әзірленгенін үнеміайтып жүр. Ресми деректер Ресейде вакцина жасау жобасына 4 миллиард рубльденастам (55 миллион доллар) қаржы салынғанын көрсетеді. Кім де болсын шыққан шығындыақтап алу керегін көксейтіні тәрізді Ресей осы шығынды ақтап алу үшін ендігівакцинаның сатылым бағасын да белгілеп қойды. «Р-Фрам» компаниясыдиректорлар кеңесінің басшысы Алексей Репиктің айтуынша,   коронавирусқақарсы ресейлік вакцинаның екі дозасы шетелдіктер үшін кем дегенде 10 доллартұрады. «Егер экспорттық нарыққакелетін болсақ, біздің бағалауымыз бойынша вакцинаның екі дозасы кем дегенде 10долларды құрайды. Вакцинаның алғашқы кезеңде өндірілген сериясы айтарлықтайқымбат болуы мүмкін», – деді «Р-Фрам» басшысы.

Алексей Репиквакцина өндірісі жеткілікті көлемге жеткенде бағасы да арзандайтынын айтты.

                          Ресейге сапа керек пе,әлде қолдау керек пе?

       Негізінен, құнынан бөлек, Ресейвакцинасының сапасына қатысты Вашингтондағы О’Нилл институтыныңғалымы Лоуренс Гостин Moscow Times басылымында жарық көрген мақаласында:  «Бастысы – Covid-19 вакцинасын әзірлеудебірінші болу емес, ең үздік болу маңызды, яғни оның қауіпсіздігі ментиімділігін дәлелдеу керек. Қатаң ғылыми және этикалық стандарттарсақталмайынша, халықаралық қауымдастық Ресейдің сөзіне құлақ аспайды» депжазды.

      Бұдан бөлек, ДДСҰ ресми өкілі КристианЛиндмайер де: «Вакцина табу бөлек. Оны қолдану бөлек.  Ол үшін  лицензия алып, енгізілерден бұрын кез келгенвакцина барлық тиісті сынақтан және тестіден өтуі тиіс» деп мәлімдеді.

       Халықаралық сарапшылар мен ғалымдаросылай деп даурығып жатса да, Ресейдің ұстанымын жақтайтын орыс ғалымдары «Батыстағыкорпорациялар ресейлік вакцина әзірлеушілердің қасында өзімізді нашар сезініпқаламыз, орыстар бізден озып кетті деп қобалжып отыр» деген уәж айтуда.

       Ал біздің отандық медицинаныңбасы-қасында жүрген мамандар денсаулық сақтау министрлігі вакцинаға қатыстыРесеймен келісімге келерде қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қоюы керегін ескертеді.

      Осы орайда медицина ғылымының кандидады Болат Әзбергенов:

  – Қазақстан Ресеймен ынтымақтастығы жарасқанел болғандықтан, Кремль бірінші кезекте Қазақстаннан қолдау күтеді. Осы арадаҚазақстан ең алдымен ұлт қауіпсіздігін ойлауы керек. Ресей «ұсынды екен» деп,халықаралық сарапшылар келтіріп отырған мәліметтерді ескермей қоюға тағыболмайды. Сондықтан бұл әлі де зерттелуі тиіс мәселе, – деді. 

                         Қазақстан вакцинасатып ала ма?

    Жалпы, коронавирусқа қатысты клиникалық сынақтан өтіп жатқан вакциналар бойыншаҚазақстан Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерімен де келісімге келуді жоспарлапотыр.  Бұл ретте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Қазақстан әр елдің түрлі вакцинасын зерттеуде. Ресей вакцинасын білеміз, ресейлікәріптестермен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Вакцинаны жеткізукүні вакцинаның клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өткені және жаппайқолдануға жіберілгені ресми түрде расталғанына байланысты белгілі болады. Ресейлікәріптестермен Қазақстанға вакцина басым тәртіппен жеткізілетініне алдын ала келістік»,–  деген болатын.

     Артыншақоғамдық және халықаралық пікірлерді саралады ма, денсаулық сақтау министрлігініңөкілі Бағдат Қожахметов Қазақстан ресейліквакцинаны әзірге сатып алмайтынын айтты. Министрліктің ресми өкілінің айтуынша, бұл тақырыпты талқылау ерте.Себебі індетке қарсы вакциналар, ең алдымен, халықаралық сертификаттаудан өтуітиіс. «Қазіргі уақытта жер жүзінде бірде-бір лаборатория халықаралық шарттарғасәйкес келетін вакцинаны әлі ойлап таппады. Ең алдыңғы қатардағы лабораторияларқазіргі уақытта үш клиникалық фазадан енді өтіп жатыр. Оның төрт фазасы бар.Сол фазалардан өткеннен кейін ғана ол вакцина халықаралық сертификациядан өтугежетеді. Міне, содан кейін ғана вакцинаны басқа елдерге тарату мүмкін. Қазірвакцина алу туралы әңгімені қозғау әлі  ерте», – деді Бағдат Қожахметов.

      Қалай десекте, көрші Ресей «коронавирусқа қарсы вакцинаны өз елінде ресми тіркедік» депотыр. Осыған орай, тамыз айының екінші жартысындаҚазақстанның  үкіметтік делегациясывакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге бармақ.  Енді сол делегация қандай тұжырымғатоқтайды?! Оны алдағы уақытта көре жатармыз. Ал сала мамандары «біздіңүкіметтен баратын делегацияға Мәскеуге бас шұлғи бергенді доғару қажет.Халықаралық тұрғыда вакцинаның сапасы жан-жақты зерттелуі керек.   Бұларада алдымен ұлт денсаулығын, ел қауіпсіздігін басты назарда ұстауымыз тиіс» дегендібаса айтып отыр.

ҚарлығашЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тегтер: