Сенімхаттың сергелдеңі

(әңгіме)
Боранды күні артынып-тартынып алыс жолғашыққан да бір қиын.
Ақпан айы Алматыға алақұйындатып келді. Бөрісырғақамалының алғашқы күні көз аштырмай соққан жел қасқырдай ұлып, уілдеп, артыақтүтек боранға айналып бара жатты.
Шынтемір жүрдек пойыздың жылы купесінекіргенде қас қарайып қалған сәт еді. Купеде ешкім жоқ. Алғашқы болып кірген өзіекен. Пальтосын асықпай шешіп, бұрыштағы қалайы ілгішке ілді. Өз орнынажайғасып, бойы жыли бастаған соң, терезеге тұтылған шолақ пердені қақ жараысырып, қараңғы далаға көз салды.
Перрон бойы арлы-берлі сапырылысып, бүрсеңдепжүгірген нөпір жұрт. Асыққан жолаушылардың қара сұлбалары магнитке тартылғантемірдің ұнтағындай үймелеп, әр вагонның кіреберісіне жабыса қалыпты.
Пойыздың қозғалуына санаулы минуттарқалған. Біздің қазақ кешікпесе жүре алмайды. Жағасын жайлауға салып жүріп аладыда, соңғы сәтте жанұшыра жүгіреді. Артынан «қанымызға сіңген қасиет қой» депөзін ақтауға қиналмайды.
Кенетжолаушылар кіріп жатқан тамбур жақтан айқай-шу шықты. Ашық тұрған купеніңесігінен жекірген дауыстар анық жетіп жатыр.
– Ақсақал, түсіңіз деймін! Әйтпесебаланы тастап кетіңіз! Заңға бағынбайтын кімсіз сонша? – деп гүжілдеді жуандауысты ер адам. Есіктің алдында алып денелі, бұжыр бет жолсерік жігіт тұр еді.Шынтемір «мынау соның даусы-ау» деп шамалады. Артынша:
– Түспеймін! Баланы датастамаймын! Қолыңнан келгеніңді істеп ал! – деген егде кісінің қарлығыңғы даусыестілді.
Осы аралықта перрон басындағы дауыскүшейткіштен қазақшасы сақаулау нәзік дауысты әйелдің: «Құрметті жолаушылар!Алматы – Шымкент бағытында қатынайтын нөмірі он екінші «Отырар» жүрдекпойызының жүруіне бес минут уақыт қалды», – деген хабарламасы жетті.
Купенің есігінен жұлқына кірген қарияШынтемірді көріп, шағынған адамдай:
– Мыналарды қарасаңшы! Өңкейнанталап, қызталақ! Туған немеремді тастап кет дейді, оңбағандар! – дедіамандасып үлгермей жатып. Ол абажадай екі ала сөмкені орындыққа қоя салды да,соңынан ере кірген кейуананың қолындағы сәбиді алды. Атасының алдына отырғанкөзі алақандай, жүзі алабұртқан төрт жасар баланың мазасы жоқ. Ыстығы көтеріліпкеледі екен. Оны бауырына қысып, маңдайынан иіскеп:
– Қорықпа, балам! Атаң сеніешкімге бермейді. Мен тұрғанда саған ешкім тиіспейді, – деп қария емірене түсті.Кейуана өзімен-өзі күбірлеп, сырт киімдері мен сөмкелерін реттеп қоя бастады.
– Неге ашуландыңыз, аға? – дедіШынтемір қарияның әжім шимайлаған ренішті жүзіне қарап.
– Мыналардың тірлігіне қалайкүйінбейсің? Өзімнің немерем десем, мына баламды түсіріп кет дейді. «Дәберініс»дей ме, бірдеңе сұрайды. Мен онысын ұқпаймын. Бала – өзімнің балам, – дедіқария нұры тайған көздерін алақанымен сүрткіштеп.
– Сенімхат сұрап жатқан шығар.«Доверенность».
– Иә, солай-ау деймін. Әйтеуір,«Дәберініс» дегенді қайта-қайта айтты ғой. Ол не пәле еді, өзі?
– Өзіңіздің туған балаңызболмаса, қазір сәбиді бір қаладан екінші қалаға сенімхатсыз алып жүре алмайсыз,аға. Жақында үкімет сондай заң шығарған.
– Өй, заңын ұрайын! Өңкейшикібас. Кебісті теріс кигізіп… Туған немерем ғой бұл, – деп, қария мазасыкетіп отырған баланы құшырлана бауырына қысты.
– Қажеттілік болмаса, заңшығармайды, аға. Біздің елде «қойын алдырып, қорасын бекітіпті» дегендей ғой.Халық әбден қасірет шеккен соң ғана заң шығарады. Соңғы кезде кішкентайбалалардың жоғалуы жиілеп кетті. Екі күннің бірінде пәлен жерде, пәлен қаладабала жоғалып кетіпті деген ақпарат тарап жатыр. Бұл сұмдық қой. Күздің соңындадәл осы пойызда екі бала бірдей із-түзсіз жоғалып кеткен. Содан шыққан заң бұл,– деп, Шынтемір мәселенің түп-тамырын ұқтыруға тырысты.
– Өз немеремді өзім қалайжоғалтамын? Сол жағын түсінбеймін. Әлде мен оны ұрлап бара жатырмын ба? – депкейістік білдірді қария.
Еңгезердей жолсерік жігіт жетіп келіп, бұларотырған купенің есігін жұлқып ашты.
– Ақсақал! Мен сізге не дедім?Шықсаңызшы енді! – деді ол әкіреңдеп.
– Ал мен саған шықпаймын депайттым ғой! – деп қария оған ажырая қарады.
– Өзіңіз шықпасаңыз, баланытастап кетіңіз. Станса сайын тексереді. Менің басым екеу емес, – деді жолсерік.
– Әй, балама әдейі белет алдымғой. Ол неге қалады?
– Билет алғанмен, «Доверенность»алмағансыз. Бұл заңсыз.
– Заңды жазғандар да сен сияқтыбір ноқай шығар. Әйтпесе өз баламды өзіме сенбей, не бопты? Осындай да заң болама?
– Оны жоғарыда отырғандарғаайтыңыз. Сөзді көбейтпей түсіңізші, ақсақал! Есікті жабайын деп жатырмыз.Болыңыз. Түсіңіз.
– Мені өлтірсең де түспеймін.Бері қара, өзің хат танитын шығарсың? – деп, қария төсқалтасынан құжаттарыншығарды.
– Тағы не айтпақшысыз? Мағанештеңе көрсетудің қажеті жоқ. «Доверенность» бар ма? Сол ғана керек.
– Жоқ, енді мынаған бір пәс қарасаңшы.Мынау – менің куәлігім. Атым – Аралбай, пәмилем – Нартаев. Мына баланың пәмилесі– Аралбаев. Менің атыммен жазылған. Көрдің бе? Аралбаев Дастан.
– Көруін көрдім ғой. Оның мағанне керегі бар? Тексерушіге осыны айтып отырамын ба? Қойыңызшы, ата! Түсіңізші.
– Нағыз сөз ұқпастың өзіекенсің ғой, әй! Саған не деуге болады? Түспеймін дедім емес пе? Шауып алсаң датүспеймін!
– Айналайын, қарағым! Бізге бірашуыңды бере ғой, енді, – деп, сөзге араласқан кейуана жолсерікке жалынғандайболды. – Мына ботақанымның денесі күйіп отыр. Бейкүнә баланы қорқытып, мазасыналмай-ақ қойшы, балам. Сенің де анаң мен балаң бар шығар. Билеті бар ғой. Қояғой, енді.
– Жоқ, болмайды апа! Жолғашығарда осыны неге ойламайсыздар? Қазақ десе, өзіңе тиеді. Тек қазақтар ғанаосылай істейді. Тәртіп бәрімізге бірдей, заң бәрімізге ортақ. Бір минут қанауақыт қалды. Есікті жабамыз. Тез жиналыңыздар да, түсіп қалыңыздар, – деп,жолсерік жігіт айтқанынан қайтпады. Көкірегі қыжылдап отырған қария қаттыашуланып:
– Әй, әкеңнің аузын ұрайын! Аждаһадайболмай жоғалшы әрі! Не өлі, не тіріге қарамайтын не деген фашиссіңдер?! Бар!Қайда барсаң, онда бар! Қолыңнан келгенді істеп ал! Жап есікті! – деді ызағабулығып.
– Ақсақал! Боқтамаңыз. Менсізбен ойнап тұрған жоқпын. Заңға бағынбайтын нағыз фашист мына сіз шығарсыз?Мені фашист деп… Енді шықпасаңыз, мен қазір стоп-кранды жұламын.
– Маған десең, он стоп-кранжұл! Мен түспеймін дедім ғой, түспеймін, – деді қария қитығып.
– Жұлғанда мәз боласыз ба?Пойызды тоқтатқаныңыз үшін миллион теңге төлетеді. Бар ма сондай ақшаңыз? Әлде апамекеуіңіздің пенсияңыздан төлеп тұрасыз ба?
– Оған сенің басың қатпасын.Бар! Жап есікті!
Жүрдекпойыз ұзағынан бір кісінеп алып, омыртқасы сықырлап орнынан қозғала беріп еді,кенеттен сақыр-сұқыр етіп кілт тоқтады. Қайтпас жолсерік стоп-кранның қызылпломбасын жұлып алыпты. Вагондағы жанжал одан сайын ушыға түсті.
Жолсерік жігіт пойыздың бастығын шақыртты.Қария да сасқан жоқ. Күйініп баласына телефон соқты.
– Қайрат, сен қайдасың? – дедіол дөкей қызметте істейтін ұлына.
– Жұмыстамын, көке, жолғашықтыңыздар ма?
– Бізді Нәкөнтай шығарып салды.Вагонға отырдық. Бірақ жүре алмай тұрмыз.
– Неге? Тыныштық па, көке?
– Тыныштық болмай тұр. Мына біржолсерік «дәберінісің» жоқ, Дастанды тастап кет дейді. Тастамаймын десем, соғанбола пойызды тоқтатып тұр. Пойызды тоқтатқаның үшін ақша төлейсің дейді. Бұл несұмдық?
– Тырп етпей отыра тұрыңыз.Қазір хабарласамын, – деп Қайрат телефонды жапты.
– Сен не істеп жатырсың? – дедібірер минутта жетіп келген пойыз бастығы бұжыр бет жолсерікке жекіріп. Жолсеріккішірейе сөйлеп, істің мән-жайын түсіндірді.
– Болды, үндеме! Жоғарыданқоңырау түсіпті. Жүре беріңдер деп жатыр. Тыныштық керек. Бір бала үшін басымызкетеді. Енді ол кісілерге тиісуші болма, – деді бастық нығырлай тапсырып.
Пойыз жылдамдық алып заулай жөнелді. Қаладан шыққан соң, билет тексеруге кіргенжолсерік жолаушыларды түгендеп болып:
– Ақсақал! Сіздікі бәрібірзаңсыздық. Мына бала үшін үш мың теңге төлейсіз. Жолда тексереді. Сіз үшін жепотырған нанымнан айырылатын жайым жоқ. Үш мың теңге қазір төлеңіз, – деді.
– Тапқан екенсің тулақ қылатынадамды. Бір тиын да төлемеймін. Тексерушіңе төлесең, өзің төле, – деп наразықария ерегісе кетті. Дауды біржолата бітіргісі келген кейуана жолсерікті өзінеқаратып:
– Айналайын-ай! Осынша жаушаптықылатын ештеңе жоқ еді ғой. Атаңның мазасын алмай-ақ қой. Мен-ақ берейін. Осыныал да, бізді жайымызға қалдыршы. Мына бала ауырып келе жатыр. Бара ғой, – деп,бұжыр бет жігітке үш мың теңге ұстатты. Жолсерік ақшаны қағып алып, зып беріпшығып кетті.
Оңаша қалған соң, Шынтемір қарияның көңілінауламақ болып:
– Сабыр етіңіз, аға! Сонымен, мынапұшық атасының баласы болды ма? – деді монтиып отырған бүлдіршіннің басынансипап. Терезеден қараңғы далаға қарап ілкі сәт ойланып кеткен қария оның сөзінеелең етіп:
– Иә, нағыз атасының баласы!Мұндай бала ешкімде жоқ, – деді немересін өбектеп. – Атын да өзім қойғанмын. Кенжемніңкенжесі ғой. Бала мен келін жұмысбасты болған соң, үш жасқа келгенше өзімізбақтық. Кемпір екеуміздің қолымызда болды. Тілі ауылда шықты. Былтыр балабақшағабереміз деп қалаға алып кетіп еді, бізді сағынып ішіге ме білмеймін, апта сайынауыратын болды. «Тағы да ауырып жатыр» дегенге жетіп келдік. «Атамнанқалмаймын. Ауылға барам» деп жата кеп жабысты. Содан әке-шешесін көндіріп,ауылға әкетіп барам. Түнде менің қасымда жатады. Ой, тәтті-ау, тәтті! Осыданкүш аламын. Осы үшін өмір сүргім келеді.
– Қазақтың баласы ауылда өскенідұрыс, – деп Шынтемір қарияны қолдап қойды. – Асфальтта өскендерді көріп жүрмізғой. Жылыжайда (теплицада) өсірген гүл сияқты. Үп етсе сүп етіп құлайтыннәуетек болып шығады. Бір таңғалатыным, қазақша сөйлеңдер деп қанша қақсасаң да,қала баласының орысшаға есі ауады да тұрады. Неге олай екенін түсінбеймін. Алауылда еркін ойнап, жас күнінен жұмысқа араласып, шынығып өскен бала шымырболады. Қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін біліп өседі. Ана тілін қанынасіңіреді. Менің ойымша, нағыз ұлтжанды болу үшін әр қазақ балалық шағын ауылдаөткізуі керек. Қай саланы алып қарасаңыз да, ұлтымыздың мақтанышына айналғанадамдар ауылда өскен қазақтар. Біздің алтын тамырымыз ауылда. Сондықтан бұлбаланы ержеткенше ауылда өсіріңіз. Білім-ғылымға талпынып өссе, қазақтыңнамысын жыртатын нағыз атпал азамат болады.
Шынтемірдіңсөзін тыңдап, қария тыңайып қалғандай болды. Немересінің болашағы туралы айтқанойларына сүйсінді.
– Бұл менің жүрегімнің бөлшегіғой. Әлгі иттер болса осындай тәтті баланы тастап кет дейді. Жаңағыашуланғаныма сен ренжіме, бауырым. Жер қозғалса, қозғалмайтын адам едім.Мыналар қанымды қайнатып жіберді, – деді Шынтемірдің алдында кінәлі адамдайсөйлеп.
– Оқасы жоқ, аға. Өмір болғансоң, әртүрлі жағдай бола береді, – деді Шынтемір ол кісіні жұбатып.
– Оқыған адам сияқтысың ғой.Төрелігін өзің айтшы. Осы заң дұрыс па енді? Туған немеремді алып жүре алмасамне болғаны? Осындай солақай заңды кім шығарады?
– Тура сөйлеген Төле бидіңұрпағы едім. Төрелігін айт десеңіз айтайын, аға. Сіз ренжімеңіз.
– «Тура биде туған жоқ, туғандыбиде иман жоқ» деп, үш жүздің баласын сөзіне тоқтатқан Төле ғой. Айта бер.
– Бұл жерде сіздікі дұрыс емес,аға. Кез келген адам заңға бағынуға тиіс. Біреудің баласын екі қаланың арасындаалып жүру үшін ата-анасының атынан берілген, нотариус бекіткен сенімхат керек.Сондай заң бар. Егер сенімхат алсаңыз, мына даудың бірі де болмас еді. Заңталабын сақтаған адамға ешкім ештеңе дей алмайды. Сіз білместік жасағансыз. «Білмедім»деген сөз заңға жүрмейді. Заң бәріне ортақ.
– Бұдан кейін білетін болдық.«Заңға бағынған қор болмас» деген. Бағынбай қайда барамыз? – деді қарияШынтемірдің сөзін құптаған сыңаймен.
– Сізге бола он бес минуткешігіп аттандық. Он бес минут талай адамның тағдырын шешуі мүмкін, – дедіШынтемір. – Балаңызға хабарласып, оны әуреледіңіз. Ал ондай балаңыз болмаса, неістер едіңіз? Қыруар айыппұл төлеуге тура келер еді. Көрдіңіз бе? Осының бәрібір сенімхаттың сергелдеңі. Заңның да қайшылықты тұстары бар. «Шаш ал десе, басаладының» кері. Жақын туыстығы құжатпен дәлелденсе, баланы сенімхатсыз-ақ алыпжүруге мүмкіндік беру керек қой. Мысалы, сіздер сияқты туған ата-әжесі немесе аға-апасыекенін дәлелдейтін құжаты болса, сенімхат сұрап не керек? Бірақ қисық заң оғанкөнбей тұр.
– Соны айтсаңшы. Қисайғанжағынан тұрмайтын бұл қандай заң? – деп қария бір көтеріліп қалды.
– Балаңыз басшыларға айтып, жағдайдыреттеген соң жолсерікке бекер-ақ ақша бердіңіз.
– Мен бермес едім. Мына апаңғой, кеңқолтық. Лақ еткізіп ұстата салды.
– Сол бекер болды. Арсыз неме өзініңқалтасына түсетін үш мың теңге үшін стоп-кранды жұлуға дейін барды. Арзымайтынақшаға бола жанталасты. Мақсатына жеткен соң жайына кетті. Сонда оның зарлағанзаңшылдығы қайда қалды? Заңның құны үш мың теңге болғаны ма? Ел білетін бірақынның: «Ақша берсең, біздің елде талап та ұмыт, заң да ұмыт, Тас төбеңе қолдықойып, кеткің келер қаңғырып», – деп жазғаны бар еді. Пайымсыз адам, зайырсыззаң, қайырсыз қоғам деген осындай болады.
– Жетер жеріне жеткізіп айттың,бауырым! Саған разымын. Мен де өз заманымда ауылды дүрілдеткен ақын едім. Мынажағдайға байланысты екі шумақ өлең тіліме оралып тұрғаны. Соны есіңдесақтарсың, – деп қария көсіле жөнелді:
– Сұрасаң арғы ныспым Нартаевпын,
Заң білмей бекер ғана шалқайыппын.
Кішінің ақылына қарап қалдым,
Бауырлар, кешіріңдер қартайыппын.
Аздың деп жазғырмаңдар сендер мені,
Алдыма інім келді дем бергелі.
Аяздай сүйегімді сырқыратты-ау,
Сенделткен сенімхаттың сергелдеңі.
Қарияның өнеріне риза болған Шынтемір:
– Аға, мына өлеңіңіз төгіліптұр ғой. Төрт аяғы тең түсті. Бұл өлеңді «Сенімхаттың сергелдеңі» деп атасаңызда болады. Қайталап айтыңызшы, жазып алайын, – деп, ұялы телефонының тетіктерінбасып тере бастады.
Бұл кезде қарияның сүйкімді немересіатасының алақанына басын қойып, алаңсыз ұйқыға кеткен еді.
Темірғали КӨПБАЙ