Сербияда мыңдаған адам Нови Сад трагедиясына қарсы наразылық білдірді
Сербияда ереуіл күні кафелер, дүкендер, мектептер мен театрлар жабылды. Шерушілер Нови-Сад вокзалының шатырының опырылуына кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.
24 қаңтарда мыңдаған студент пен мектеп оқушылары Белград көшелеріне қайтадан шығып, 2024 жылдың қарашасында Нови-Сад вокзалының төбесінің опырылғандарды айыптады. Ереуілшілер кінәлілерді саяси және қылмыстық жауапкершілікке шақырды.
AFP агенттігінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер «Жалпы ереуіл», «Өзгеріс бізбен бірге болады», «Жүйе сізге өтірік айтады» және басқа да ұрандар жазылған баннерлер ұстап көшеге шыққан. 24 қаңтарда Сербия астанасындағы дүкендер мен дәмханалар жабылып «жалпы ереуілге» қосылды. Мұғалімдер наразылықты қолдап, ата-аналар балаларын үйде қалдырғандықтан, мектептерде сабақ тоқтады. Театрлар мен кинотеатрлар да жабылды.
Нови Сад вокзалындағы қайғылы оқиға
Былтыр 1 қарашада Нови-Сад қаласындағы орталық вокзалдың жаңадан жөнделген ғимаратында бетон шатыр опырылып құлады. 6 мен 74 жас аралығындағы 15 адам қаза тапты.
Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай Белградта наразылық шерулері басталып, уақыт өте Сербияның басқа қалаларына да таралды. Шерушілер кінәлілерді жазадан қашып кетуіне жол бермеуге шақырды. Наразылық білдірушілер Нови-Сад мэрі мен елдің премьер-министрі Милош Вучевичтің отставкаға кетуін талап етті.
Ал Сербия президенті Александр Вучич наразылық акцияларына алаңдамайтынын айтты.
Сербиядағы наразылық білдірушілер Нови-Садтағы қайғылы оқиғаға сыбайлас жемқорлық пен құрылысқа жасалған келісім-шарттарды туыстарына тарату себеп болды деп есептейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалының құрылысын осы ауданда Белград пен Будапешт арасындағы теміржол желісін де салып жатқан қытайлық компания жүргізген.