Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 22 Шілде 2024

Сеул Солтүстік Кореяны тағы да қоқыс шарын ұшырды деп айыптады

шар
Фото: Yonhap/picture alliance

Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға тағы да қоқыс шарларын ұшырды. Бұл туралы  Оңтүстік Корея Бас штабы комитеті хабарлады.

Оңтүстік Кореяның әскерилері әуе шарларының Кёнги провинциясына қарай бағытталғанын мәлімдеген. Олар тұрғындарды құлаған заттарға қол тигізбеуге және құқық қорғау органдарына немесе әскерилерге хабарлау керек екенін айтқан.

Екі күн бұрын Сеул Солтүстік Корея шекарасы арқылы дауыс зорайтқыштар арқылы халықаралық жаңалықтарды, демократия мен капитализм туралы ақпаратты және K-pop музыкасын таратуды қайта бастады. Оңтүстік Корея тарапы бұл қадамды Пхеньянның әуе шарларына жауап ретінде түсіндірді.

Мамыр айынан бері Солтүстік Корея оңтүстік шекара арқылы қоқыс пен көң салынған қапшықтары бар 2 мыңға жуық әуе шарын ұшырды. Солтүстік Корея шенеуніктері бұған дейін оңтүстікке ұшырған "сыйын" шекара аймағына үгіт-насихат материалдары мен қалдықтардың жиі төгілуіне жауап ретінде» айтқан болатын. Ал бұған жауап ретінде  оңтүстіккореялықтар  Солтүстік басшылығын сынайтын парақшалар, түбектің оңтүстігіндегі демократиялық қоғам туралы ақпараты бар USB-дискілері және Солтүстік Кореяда тыйым салынған оңтүстік кореялық эстрадалық топтардың музыкалық бейнелері бар шарларды ұшырған.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы үкіметтері бейбітшілікті насихаттамайды және шекара маңындағы тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп, белсенділердің мұндай науқандарды өткізуін тоқтатуға тырысты.

Кореяаралық келісімге 2018 жылдың 19 қыркүйегінде қол қойылды. Бірақ 2023 жылдың қарашасында Сеул бұл келісімнің кейбір тармақтары Пхеньянның барлау спутнигін ұшыруына байланысты тоқтатылғанын хабарлады.