Сеулдегі Қазақстан апталығы

Оңтүстік Кореяныңастанасы Сеул қаласында Қазақстанның мәдени аптасы басталды. Бір апта бойыҚазақ елінің мәдениеті мен салт-дәстүрі, тарихы насихатталатын көлемдібағдарламаны Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі мен Корея-Орталық Азия ынтымақтастықфорумының хатшылығы бірлесіп ұйымдастырған.
Бір қызығы апталықтыңашылуы кезінде Корея президенті Мун Чже Ин Қазақстанға сапарлап жүрген. ҰйымдастырушыларҚазақстан апталығын осы сапарға арнайы туралағанын айтады. Олардың сөзінеқарағанда, екі ел басшылары Қазақстан астанасында кездесіп, экономикалықынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанда, Сеулдік тұрғындар қазақмәдениетімен танысып жатады…
— Мун Чже Ин президенттіңҚазақстанға сапарына орай, біз қазақ дәстүрлері мен мәдениетін көрсетіп,осындай мереке ұйымдастырдық. Шараға қонақтар көп келді. Сондықтан оларҚазақстан туралы көбірек білгісі келеді деп айтуға болады, — дейді Лим ЧхольВу, Корея-Орталық Азия ынтымақтастық форумы хатшылығының директоры
Сеул тұрғындарыалдымен қазақтың өнері – әні мен биін тамашалауға мүмкіндік алды. Апталықтың ашылусалтанатына Сеулдегі қазақ диаспорасы мен студенттер қатысты.
СеулдегіҚазақстан апталығы қарсаңында кәрістер қазақтың ұлттық киім үлгісі, сән үлгісінтамашалай алады. Бұл сән үлгісінің бәрінде қолдан жасалған киім үлгілерікөрсетіледі деп күтілуде.
Жалпы, кәрістер қазақ халқы үшін аса бөтен ел емес. Бір заманда тарихи отанынан ауып, Қазақстанға жер аударылып келген кәрістер бұл күнде Қазақстанды отаным деп санайды. Тіпті, осы жақта тұрақтап қалғандар да аз емес. Қазақ халқына алғыс айтатын, қиын жағдайда келгенде алдындағы малын, дастарқанындағы асын бөліп берген қонақжай халық туралы бұл жаққа келмеген кәрістер де жақсы біледі. Осының нәтижесінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық қана емес, рухани-тарихи байланыс біршама дамыған. Осы қарым-қатынасты дамыта түсу үшін кезінде қазақ жеріне ауып келген кәрістер мен қазақтар арасында алғашқы байланыстар туралы түсірілген «Жерұйық» фильмі көпшіліктің көңілінен шыққаны белгілі. Апталық аясында кореялық көрермендердің назарына осы «Жерұйықпен» қоса «Жаңғақ тал» фильмдерін ұсыну да жоспарда бар.