Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:23, 06 Наурыз 2020

Сеулден келген 93 қазақстандық карантинге жатқызылды

None
None

6 наурызда Оңтүстік Корея астанасы Сеулден Нұр-Сұлтанға келген 93 қазақстандық карантинге жатқызылды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«6 наурызда Сеулден Нұр-Сұлтанға 178 жолаушы ұшып келді. Оның 85-і – транзит жолаушы. Яғни, Ресейден – 31, Өзбекстаннан – 51, Грузиядан – үш жолаушы. Олар әуежайдан шықпады, Қазақстан шекарасын кесіп өткен жоқ. Келесі рейсті күтіп отыр. Елдеріне қайтады. Қазақстанның 93 азаматы, екеуі бала, Нұр-Сұлтандағы көпсалалы ауруханаға 14 күнге карантинге жатқызылды» деді ол брифингте.

5 наурызда Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 коронавирусы көп табылған елдерден келген мыңға жуық адам карантинде екенін, 601 адам үйінде, қалғаны ауруханада жатқанын мәлімдеген. Олардың арасында Қытай азаматтары да бар.

Қазақстан үкіметі осыған дейін коронавирус көп тіркелген Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Италиядан келгендер 14 күнге карантинге жатқызылатынын мәлімдеген.

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Covid-19 вирусы қалай жұғады?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Covid-19 вирусы қалай жұғады? please wait Embed Бөлісіңіз
Covid-19 вирусы қалай жұғады?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30470582.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00 Жүктеп алу

Қазақстан билігі Қытайдан бөлек, Иран, Оңтүстік Корея азаматтарын елге кіргізуге тыйым салды.

6 наурыздағы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны жүз мыңнан асты. Олардың басым бөлігі Қытайда (80 мыңнан аса), Оңтүстік Кореяда (6 мыңнан астам), Иранда ( 4700-ден аса) және Италияда (3800-ден асты).

Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ.

Маскадағы әлем Фотогалерея

Маскадағы әлем

5 наурыздағы дерек бойынша, әлемде Covid-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 96 мыңнан асып кетті. 3310 адам көз жұмды. 54 мың адам дерттен айыққан. Олардың көбі Қытайда. мұнда 80400 жұқтырып, 3013 адам қаза болды. Орталық Азия елдерінде вирус жұқтырғандар жоқ. Қазақстанда вирус табылған елдерден келген мыңға жуық адам карантинде жатыр. Әлемнің біраз елінде маскі киген жұрт көбейді.
Тегтер: