Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:50, 11 Тамыз 2020

«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағыаллеяда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны жайлы ақпарат кеңінен тарағанболатын.

Осыған орай, бұл мәселеге қала әкімінің бірінші орынбасары ШыңғысМұқан жауап берді.

Шыңғыс Жұмабекұлының айтуынша, «Шәмші аллеясы» 2006 жылысалынған. Ал, 2011жылы демеушілердің көмегімен гүлзардың орталық бөлігіне сахна,жаяу жүргіншілер алаңы, «Жұлдыздар аллеясы» құрылған.

Соңғы жүргізілген анықтау жұмыстарының нәтижесіне орай,гүлзар ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызынан астам плиталықтөсеніштері жөндеуді қажет ететіні және сахна айналасындағы су бұрқақтыңжабындары, темір бүріккіштердің шірігені, жасыл желектерді суғару жүйелерініңжарамсыз болғандығы, демеушілер қаржысына салынған түнгі жарық шамдарының жерасты кабельдерінің үзіліп, талапқа сай күтіп ұстау жұмыстарын атқару мүмкінеместігі белгілі болған.

«Сол себепті, 2019 жылы Шымкент қаласының энергетика жәнекоммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Шәмші әлемі» гүлзарын абаттандыружұмыстарының сметалық құжаттары әзірленіп, ұсынылған. Жоба құны 207,0 млнтеңге. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуші бас мердігер — «Шымкент спец.комплекс»компаниясы. Жоба бойынша плиталық төсеніштерді толықтай жаңарту, суғару жүйесіналмастыру (тік ұңғыма қазу), қосымша көркейту элементтерін орнату және өзге дежұмыстарды атқару жоспарланған, — деді Шыңғыс Мұқан.

Бүгінде жауаптылар жөндеу жұмыстарын 3 аймаққа бөлген.Алғашқысы «Шәмші аллеясы», Неке сарайы және көл аумағы. Алайда үш аумақ тажөндеуді талап етеді. «Шәмші аллеясында» төсеніштер алмастырылып, жұлдыздараллеясы мен қолданыстағы ескерткіштер өзгеріссіз қалады.

Тегтер: