Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 17 Наурыз 2024

“Шаңырақ” күнінде отбасы құндылығы насихатталды

Шаңырақ” күні

Наурызнаманың төртінші күні яғни 17 наурыз еліміздің түкпір түкпірінде “Шаңырақ” күні аталып өтіп жатыр.

 Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше бүгін республикамыздың барлық аймағында аталған мерекеге байланысты 200-ден астам іс жара өткізіледі. Бұл күні жаңадан отбасын құрып жатқан ерлі-зайыптылардың некесі қиылып, ақсақалдар оларға бата береді.

Сондай шаралардың бірі елордамыздағы “Бәйтерек” манументі залында жас жұбайлардың некесі қиылып, 50 жылдан аса жұп жазбай келе жатқан отбасыға құрмет көрсетілген. Мысалы, отасқандарына 55 жыл тоған Геннадий мен Марина Серов некесін жаңадан қидыруға келген жас жұбайларға тілегін айтып, батасын берген.

Шаңырақ” күні

«Бүгін біз жасарған сияқтымыз, өйткені алғашқы некедегі ұмытылмас сәтке қайта оралдық. Бұл менің күйеуім екеуміздің алғашқы және жалғыз некеміз. Біздің отбасы неге негізделген? Ең бастысы - сенім, сонымен қатар бір-бірін тыңдай білу және құрметтеу. Әрине, келіспеушіліктер бар, бірақ біз балалардың бұдан зардап шекпеуіне тырысуымыз керек. Отбасының толық болуы, баланың әкесі мен анасының тәрбиесінде болуы маңызды. Өйткені отбасы – халықтың, қоғамның әл-ауқатының негізі. Жастарға зор денсаулық, өзара сүйіспеншілік пен бір-біріне деген құрмет тілеймін», - деді 77 жастағы Марина Серова.

Ал, жас жұбайлар Қайрат Рыспаев пен Медина Нұрмағанбетова оалғаш рет отбасын құрып, некесін қидыруды бүгінгі айтулы күн – “Шаңырақ күніне” жоспарлап келген екен.

«Бүгінгі күн біз үшін ерекше. Отбасын құру үлкен жауапкершілік. Өйткені мемлекетіміздің болашағы бізге байланысты», – дейді жас жұбайдың бірі Медина Нұрмағанбетова.

Бұл күнде сонымен бірге отасқанына елу жыл толғандар “Алтын шаңырақ, ал 25 жыл толғандар күміс кереге мерейтойларын да атап өтеді. Оларға құрмет көрсетіліп мерейтойлық кітапқа енгізеді. Одан білім ордаларында «Өнегелі отбасы – елдің тірегі» тақырыптарында түрлі шаралар өткізілуде.

Шаңырақ” күні

“Шаңырақ” күні несімен құнды?

Қазақтарда шаңырақ отбасының мұрагері, отбасы жалғастығының белгісі болған. Ешбір жағдайда оны аударып тастауға немесе түсіруге болмайды. Шаңырақты мұра еткен ұлды “қара шаңырақ иесі” деп те атаған. Сонымен бірге шаңырақ – отбасы нышаны, сондықтан да қазақ қарттары бата бергенде «шаңырақтың шайқалмасын» дейді. Бұл дегеніміз – отбасында татулық, достық, бауырмалдық орнасын дегенді білдіреді. Қазақтардың ұлттық болмысы мен дүниетанымында «шаңырақ» «үй», «отбасы», «ұрпақ» болса, рухани-философиялық түсінікте – ошақтың, отбасының, салт-дәстүр мен тәрбиенің, руханияттың жалғасы саналады. Қазақта әдетте «Әкесінің шаңырағын құлатпай, түтін түтетіп отыр» деген. Шаңырақ отбасы ұғымымен тығыз байланысты болғандықтан, отбасында үлкен бақытсыздық орын алғанда немесе отбасы ыдырағанда: «Шаңырағы шайқалды» деп те айды. Қазақтың «Шаңырағын биік, босағаң берік болсын» – деген ізгі сөздерінде татулық, береке, бақыт идеясы жатыр.

Шаңыраққа ерекше құрметпен қарап, ұрпақтан-ұрпаққа отбасы мұрасы ретінде беріліп, балаларды оны өте ұқыпты ұстауға баулыған. Тегі үзілсе, бос киіз үйдің шаңырағы ең соңғы әулет өкілінің бейітіне қойылады. Сондықтан отбасы құндылығын сақтағанда бұл күнді “Шаңырақ” күні деп атаудың да маңызы зор саналады. Оның үстіне халқымызда ежелден келе жатқан “Шаңырақ көтеру” деген де ерекше салт бар. Бір сөзбен айтқанда шаңырақ кіршіксіз махаббат пен отбасы символы.