Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:26, 14 Шілде 2019

Шаңырақ оқиғасы: Тасмағамбетов жазалануы керек еді

2006 жылы болған «Шаңырақ оқиғасына» биыл он үш жыл. Тәуелсіз Қазақстантарихында жаппай соттау сол оқиғадан кейін басталды.

«Шаңырақ ісі» бойынша 9айға жалғасқан сот процесі кезінде 25 адамға айып тағылды. Полиция қызметкеріӘсет БЕЙСЕНОВ қайтыс болды. Содан бері арада 13 жыл өтті. Алайда баспана, жермәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласындакөпбалалы аналар үкіметтен баспана сұрап ереуілге шығып жатыр. Бұл 18-ақмиллион халқы бар Қазақстан азаматтарының шаңырақ бақытына жете алмай жатқанынкөрсетеді.… Шаңырақ үшін күрес әлі жалғасып жатыр. 

«ЖасАЛАШ»тілшісі «Шаңырақ ісі» бойынша 8 айып тағылған Аят ТЕМІРБАЕВПЕНсұхбаттасқан еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

— Шаңырақ оқиғасысіздің көзіңізбен: Халық пен билік арасындағы қақтығыс қалай басталды?

— 2006 жылдары жер сатуға байланысты заң шықты. Жер учаскелерінің бағасыаспандап, әкімшіліктегі пысықайлардың бәрі жер сата бастады. Халыққа алдап жерсатқандар да болды. Ол кезде мен студент едім. 2-курста оқитынмын. Шаңырақтаәпкем жер алып, сол жерде кішігірім үй тұрғызып тұрып жатқан. ИманғалиТАСМАҒАМБЕТОВ мырзамыз әкім болып келе салып, сол кездегі жағдайдың бәрінкөзімен көрді, білді. «Шаңырақ шайқалмайды, Әйгерім әбіржімейді, бәрін қалыпқакелтіреміз уайымдамаңыздар, бәрі керемет болады», деді де, тура 7 шілде күніБақай ықшам ауданын бір күнде сүріп жоқ қылды. Ішіндегі адамына қарамай, бәрінқуып шығарып, айуандықпен үйлерді сырып тастады. Соны естіген Шаңырақтыңадамдары да үрейленді. Өзіңіз ойлаңызшы, күн-түн демей жұмыс істеп, соңғытиындарына дейін санап беріп алған жерлері ғой. Енді келіп бәріне ескерту айтабастады. «Үйлеріңізді құлатамыз, заңсыз салынған», деп. Шаңырақтағылардыңшырылына ешкім құлақ аспады. Ақыры тұрғындар полицияда істейтін туыстарынан,таныстарынан «ертең таңғы 9-дар шамасында сіздер жаққа үйлеріңізді құлатуға бюлдозерменбарады» деген хабарды естіді. Сонымен, қараша халық «не істейміз?» депаңтарылып қалды. «Ондай жағдай болуы мүмкін емес» деп сенгісі келмегендер деболды. Оқиға таңғы сағат 4-те басталып кетті. Бәріміз ұйқымыздан шошыпоянғандай болдық. Сөйтсек, полиция қызметкерлері келген. Үйді сүруге арналғанкөліктері бар. Халық та жинала қалды. Біз үлкенді сыйлаған халықпыз ғой. Сөзгетоқтауы керек деген оймен Маржан АСПАНДИЯРОВА, Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Арон АТАБЕКсияқты азаматтар бейбіт бітімге келгісі келді. Өзіміздің арамыздан да жасыүлкен ақсақалдарымыз алдыға шығып, басу айта бастады. Бірақ, күткеніміздейболған жоқ. Кемпір, шал деген жоқ, итеріп, баспанамызға басып кіргенде, шыныкерек біз қарап тұра алмадық. Кез-келген адам өзінің анасын біреу ұрып жатса,атасын итеріп жатса шыдап тұрмайды ғой. Осылай екі ортада қақтығыс басталыпкетті.

Полиция қызметкерлері лек-легімен келді. Бұл жерде «жаппай тәртіпсіздік»деп өзімізге айып тақты ғой. Жаппай тәртіпсіздік деген менің түсінігім бойыншахалық еш себепсіз көшеге шығып ғимараттарды қиратып тонау, бүлдіру. Осыныжаппай тәртіпсіздік деп есептеуге болады. Ал, бұл жерде жаппай тәртіпсіздіктіжасап отырған халық емес, полиция қызметкерлерінің өзі. Олар халықтың қорғаушысы ғой. Шаңырақ оқиғасы кезінде керісінше қорлаушы болып кеткен сияқты. Барлығынөз көзіммен көрдім. Арасында болдым. Бәрі өліспей беріспеуге бекінді. Осыоқиғаның нәтижесінде еш жазығы жоқ, бір отбасының жалғыз баласы 24 жастағыполиция қызметкерін өртеп жіберді. Оны кім өртегені әлі күнге дейін белгісіз.Жазықсыздан жазықсыз 4 адамды соттап жіберді.

— Арон Атабекбастаған азаматтар қасақаны кісі өлтірді деген айыппен де сотталды ғой. Соттақаншалықты дәлелдер болды?

— Ол азаматтарға жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп те айып тақтығой. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Өйткені, ол кезде біз Арон Атабектітанымаймыз. Сол жерде жүрген Құрманғазы ӨТЕГЕНОВ, Ерқанат ТАРАНШИЕВ, РүстемТҰЯҚОВ бар, қысқасын айтқанда ешкім ешкімді танымайтын еді. Ұйымдасқан деугенегіз жоқ. Керісінше биліктің іс-әрекеті ашынған халықты біріктіріп жіберді.Шынына келгенде, билік өз дегенін істеді ғой. Сотталған төрт азаматтың ӘсетБейсеновтың өліміне еш қатысы жоқ. Видеода Арон Атабек қолына таяқ ұстап жүр.Таяғымен бір маңды көрсетіп нұсқаған. Басқа ештеңе жоқ. Бірақ, осыны алғатартып 18 жылға соттап жіберді. 

— Қазір Арон Атабекпен Құрманғазы Өтегенов әлі түзету мекемелерінде отыр. Олардан хабар алыптұрасыздар ма?

— Арон Атабектің жағдайы өте нашар деп естіп жатырмын. Тікелей өздеріненхабар-ошар алып біле алмаймыз. Жағдайын жақындарынан біліп тұрамын. Арон Атабекақын ғой. Жазуға тыйым салыпты. Жалғыз адамдық камерада отырады екен.

— Сіз қандай баппенайыпталдыңыз?

— Мен қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айыпталдым. Маған бастапқыдакісі өліміне қатысы бар деген айып тақты. Кейін, 234-бап — «адамды кепілге алу»деп, сосын 181-бап — қорқыту, полиция қызметкерлерінің заттарын тартып алу,жаппай тәртіпсіздікке қатысты, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушысы ретінде де(күлді) айыптады. Тағы бірі 342-бап болу керек — «соттың үкіміне қарсы шықты»деген айып тақты. Ешқандай нақты дәлелдері болған жоқ. Ол кезде менің атымда үйде болағн жоқ. Соған қарамастан 3 жылға шартты түрде жаза кесті. Өздеріңізбілесіздер Арон Атабек 18 жылға, Құрманғаз Өтегенов — 16 жыл, Ерқанат Тараншиев — 15 жыл, Рүстем Тұяқов — 14 жыл арқалап кетті.

— Түрмеде сізгеқандай да бір қысым көрсетілді ме?

— Ең алғаш ІІД-де соққыға жығылдым. «Мынаны үйтіп, мынаны бүйтіп айт» депұрады. Целинный кинотеатрының жанындағы ІІД-нің 6-қабатында есік-терезі жоқкабинетке кіргізді. Сол жерде жауапқа алады екен. Куәгер болсаң, ешқандайжауапқа тартылмайсың. Біздің айтқанымызды сотта баяндап берсең жазаданқұтыласың деді. Басымызға целлофан киігізіп жасамаған қылмысты мойнымызғаілгісі келді ғой. Әлі күнге дейін осы жайттар денсаулығымызға әсер етіп,зардабын тартып жатырмыз. Біреудің обалына қалғым келмейтінін айттым. Жігіттікнамысқа тырыстым. Содан 3 жыл шартты түрде сотталдым. Сейфуллин көшесініңбойындағы тергеу абақтысында жаттым. Ол жерде анау айтқандай қысым көрсетілгенжоқ.

— Шаңырақоқиғасынан кейін үйлер заңдастырылды ғой.

Иә. Оған Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ біраз еңбек сіңірді. Еріктілердің арасындаболдым. Қазір шүкір. Шаңырақ жайқалып тұр. Өзіміздің қара көздердің құттықонысы. Қазір ойлап отырсам, сол кезде қырғынды салмай-ақ үйлерді заңдастырыпбере салуға болар еді. Міндетті түрде біреудің қазасы керек болды ма? Біреудіміндетті түрде соттау керек болды ма? Осыны түсінбеймін. Өз еліміз, өзжерімізде басқа емес өз қазағымыз ұлтарақтай жерге зар болып жүрді.

— Босап шыққаннанкейінгі өміріңіз қалай болды?

— Біраз «жазықсыз отырдым-ау» деген ренішпен жүрдім. Күйзеліске түстім.Қанша дегенмен, жазықсыз жапа шеккен жаман екен. Әділетсіздікке шыдамай басымане түрлі нәрселер келді. «Қылмыскер» деген атаққа намыстандым. Әлі күнге дейіналдыма кедергі болып шығады. Жақсы жерлерге жұмысқа тұра алмадым. Қазір өзкүнімді өзім көріп жүрмін. 3-таптағы мүгедекпін. Қазір «Мүгедектерқоғамында» жұмыс істеп жүрмін. Мүсіндер жасаймыз. Азын аулақ айлығым бар.Қазіргі халіме шүкір деймін.

— Өкінішіңіз барма?

— Жоқ. Өкінбеймін. Халықтың сөзін сөйлеп шыққаныма еш уақытта өкінгенемеспін. Мен ғана емес, сотталған жігіттердің қай-қайсысынан сұрасаңыз даосылай айтады. Себебі, осы оқиғадан кейін жағдай біршама түзелді. Қаншамахалықтың баспаналары орнында қалды.

— Қоғам Шаңырақоқиғасын қаншалықты жадында сақтай алды?

— Шаңырақ оқиғасынан кейін көп адамның жанына жара түсті. Жүйкелерібұзылды. Ауру болып қалды. Оларға психологиялық тұрғыдан сол жерде қоныстапқалу қиын еді. Сондықтан да басқа жаққа көшуге тырысты. Өйткені, іште қалыпқойған үрей бар. Жерін сатып, көбі тұрғылықты мекен-жайын ауыстырды. Олардыңорнына басқа адамдар көшіп келді. Жалпы, бұрыннан тұрып жатқан халық солоқиғаны біледі. Кейбірі бейхабар. Мемлекеттің өз саясаты ма, кім білсін, бұлоқиға онша ашып айтылған жоқ. Шаңырақ оқиғасын ұмыттырғысы келетіндер барсияқты. 

— Шаңырақ оқиғасыкезінде халық пен билік бір-біріне қарсы шығып майдандасты. Халық тек баспанаүшін күресті деуге бола ма?

— Қоғамда белең алған әділетсіздікке қарсы күрес деп айтуға болады. Халықжоғарыда отырып алып өздері шығарған заңды өздері бұзып отырған шенеуніктердіңіс-әрекетін көріп отырды. Қазір де сол заңсыздық. Жемқорлар мен ұрыларбасқарған заман. Бүгінде баспанасыз жүргендер өзіміздің қазақтар. Қысқасы, олкезде үйсіз тозып жүрген халық бәріне кінәліп болып шықты. Жазаланды. Уәдесіндетұрмаған Иманғали Тасмағанбетов, Әуезов ауданының әкімі Владимир УСТЮГОВ, солкездегі ішкі істер министрі Бауыржан МҰХАМЕДЖАНОВ жазаға тартылуы керек еді.

Сұхбатыңызғарақмет.

Фото: azattyq.org

Тегтер: