Шашын тақырлап зорлаған - Талдықорғанда таудан табылған қыз жайлы тың мәлімет шықты
Талдықорғанда үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның өліміне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Бүгін Талдықорғанда Карина Дарохинаның денесі жер қойнына тапсырылды. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша, кішкентай Каринаны арқанмен буындырып өлтірген. Оған дейін қызға түрлі зорлау әрекеттерін жасаған. Тіпті қыздың шашын тақырлап алып, аяусыз өлтірген.
Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, - деп хабарлады жергілікті полиция.
Тексеріс қайтадан жүргізіледі
Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек.
Бастапқы мәліметтер бойынша, қыздың анасы Даринаны өзі өлтіргенін айтқан. Алайда, қызды өгей әкесі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, аяусыз өлтіргені белгілі болды. Оқушы қыз қайтыс болған сәтте ерлі-зайыпты Айсабакиевтер оны жол талғамайтын көлікке салып, Текелі жақтағы тау бөктеріне апарып, көміп тастаған.